Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

14.01.2025175 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерлері Хұсейін Әмір-Темір, Сәдуақас Аңсат және Мұхит Әбдікәрімовті мерейтойымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деген болатын.
Біз, елдік істе адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
Бүгін Н.Бекежанов атындағы өнер ордасындағы жарты ғасырға жуық қызметімен қоғам құрметіне кенелген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Хұсейін Жүсіпұлы Әмір-Темір ағамыздың мерейлі 85 жасқа, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы және республикалық «Тіл сақшысы» ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы, мемлекеттік тіліміздің жанашыры, Қармақшы ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Сәдуақас Аңсат ағамыздың 80 жасқа және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов ағамыздың мерейлі 70 жасқа толуына орай арнайы бас қосудамыз.
Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын! Сыр жұртшылығы сіздердің қазақ театр өнерінің өркендеуіне, ана тіліміздің жаңғыруына қосқан елеулі еңбектеріңізді құрметтейді. Абыздық асқақ мерейге, кемеңгерлік кезеңге жетіп, ел ағасы ретінде халықты бірлікке шақырып, туған елдің тұғырын нықтауға бағытталған өрелі істеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала береді!
Сіздерді бүгінгі мерейлі жастарыңызбен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Тойларыңыз тойға ұлассын!», – деді аймақ басшысы.
Жиында мерейтой иелеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай сый-сияпат көрсетілді.
Сонымен қатар, Рауан Кенжеханұлы Сәдуақас Аңсатты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапаттады.
Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Бақберген Досмамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Алмасбек Алматов құттықтау лебіздерін жеткізді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.