Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 124 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 124 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

09.01.202598 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 124 пәтерлік 62 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы Жаңа жылда жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға ізгі тілегін арнады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп ерекше атап өтті. Сыр өңіріндегі мақсатты бастамалардың нәтижесі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіндегі оң өзгерістерден анық байқалады. Бір ғана құрылыс саласына тоқталсақ, тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, өткен жылы 864 мың шаршы метрге ұлғайды. Өткен жылы бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге бөлініп, 2 500-ден астам пәтер пайдалануға берілді.
Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Бүгін міне, аумағы 10 мың шаршы метрден асатын тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, иелеріне салтанатты түрде табыстауға жиналдық. Жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы салған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Жаңа қоныс — жақсылықтың бастауы. Баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасына айналсын, баршаңызға құтты болсын! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! Жаңа 2025 жыл құтты болсын, ардақты ағайын!»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, өткен жылы Жаңақорған ауданының бюджеті 15 млрд. 800 млн. теңге болса, биыл 20 млрд. теңгеге жетіп, 20 пайызға өсім қалыптасты. Бұл қаржы аудан тұрғындарының көтерген мәселелерін шешуге бағытталуда. Мәселен, 1 млрд. теңгеден астам қаржыға 40 шақырым болатын 38 көше жөндеуден өтті. Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамтуға ерекше мән берілуде. Аудан орталығы мен 7 елді мекенге газ келіп, халықтың 40 пайызы табиғи газды қолдануда. «Сүттіқұдық», «Жайылма», Қожамберді елді мекендеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қаратөбе» ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне қызмет етуде. Тәуелсіздік күні «Төменарық» ауылында дәрігерлік амбулаториямен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табысталды.
Одан бөлек, Жаңақорған кентінде «Қамқорлық» оңалту орталығы, 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі», Байкенже ауылында 150 орындық мектеп, «Бесарық» ауылындағы 375 орындық қосымша оқу ғимараты пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті «Саяжай» шағын ауданындағы 600 орындық, «Жаңарық» елді мекеніндегі 300 орындық мектептер жақын күндері ел игілігіне табысталады.
Іс-шарада құрылыс мекемесінің мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов батасын берді.
Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, жиналған жұртшылықтың ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.
@Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Сыр өңірінде «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

28.08.20251 413 Views

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

27.08.20256 435 Views

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

27.08.202510 845 Views
Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінде «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

28.08.2025

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

27.08.2025

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІДЕГІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

27.08.2025

«Қолжетімді емхана»: скринингпен қамтылған қазақстандықтардың саны 4 миллионға жетті

27.08.2025

«Келешек мектептері»: 3 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

27.08.2025

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.08.2025

Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды

27.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.