Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

17.12.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
​​Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Руханият жылы» аясында, Тәуелсіздік күніне орай мәдениет саласы қызметкерлеріне алғаш рет
40 қызметтік жаңа пәтердің кілтін табыстады. Рәсімге зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.
​​Аймақ басшысы баспана бақытына кенелген қоныстанушыларды құттықтады.
«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ең қымбат қазынамыз. Қастерлі қазынаны қорғау, сақтау, оны мәңгі ету – баршамыздың парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңселі ел болуымызға барлық саланың, түрлі мамандықтың өкілдері және барша азаматтарымыз біркісідей атсалысты» деген болатын.
Қыркүйек айында Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндерін өткізуге атсалысқан өнерпаздармен, мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуде сала мамандарына қызметтік пәтерлер берілетіні айтылған болатын. Міне, араға ұзақ уақыт салмай, «Руханият жылы» аясында, Тәуелсіздік күніне орай мәдениет саласы қызметкерлеріне алғаш рет 40 қызметтік жаңа пәтердің кілтін табыстаудамыз», – деді Н.Нәлібаев.
Нет описания фото.
Айта кетейік, 2024 жыл өңірде «Руханият жылы» деп жарияланып, тек мәдени-көпшілік шараларға ғана емес, ауқымды жобаларға баса мән берілді. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.
Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау үшін «Шығармашылық академиясы» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.
Облыстың мәдениет мекемелерінің 25 қызметкері Италия, Беларусь елдерінде, еліміздегі белгілі өнер ұжымдарында біліктілігін арттырды. Мәдениет және өнер, әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында өткен жылдан бері «Тұран» сыйлығы дәстүрлі түрде табысталуда.
«Руханият жылы» аясында барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынуда. Алғашқы орталық Қармақшы ауданында пайдалануға берілді. Алдағы уақытта басқа аудандардағы орталықтар да іске қосылады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026217 Views

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026622 Views

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026475 Views
Соңғы жаңалықтар

KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп

16.04.2026

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026

Сонымен, субсидия… Біз көтерген мәселеге АШМ не дейді?

16.04.2026

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

16.04.2026

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

15.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.