Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

17.12.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Шиелі ауданының «Тартоғай» және «Алмалы» ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды.
Салтанатты жиындарға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
«Баршаңызды еліміз үшін айтулы мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Ұлтымыздың қасиетті де қастерлі мерекесі күні «Тартоғай», «Алмалы» ауылдарында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияны ел игілігіне табыстауға жиналдық.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында аймағымыз байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың ордасына айналуда. Өткен
11 айдың қорытындысына қарасақ, өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Облыс бюджеті 750 млрд. теңгеден асты. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд. теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.
Дені сау ұрпақ – Әділетті Қазақстанның келешегі.
Ұлт саулығын нығайтып, ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсету — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Жаңа ғимарат баршаңызға құтты болғай! Еліміз еңселі, тірлігіміз берекелі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!», — деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев бата беріп, еңбек ардагерлері, дәрігерлік амбулаторияларды салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті.
Ұлттық жобамен барлық ауданда 27 медициналық нысан салынуы жоспарланып, өткен жылы 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Биыл 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік- акушерлік бекет іске қосылады. Оның ішінде, Шиелі ауданында 3 дәрігерлік амбулатория Досбол би, Бала би, «Бұланбай бауы» ауылдарында салынды. Қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда. Бүгін «Тартоғай», «Алмалы» ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылса, «Ортақшыл», Тәжібаев, «Бестам» елді мекендеріндегі медициналық нысандар жақын күндері ел игілігіне табысталады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025201 Views

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025179 Views

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.20251 649 Views
Соңғы жаңалықтар

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.2025

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

06.05.2025

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

06.05.2025

Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды

06.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді

05.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.