Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қаһарлы қыс амалдары
Жаңалықтар

Қаһарлы қыс амалдары

27.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қыстың алғашқы айы – желтоқсан. Бұл айдың басында қырбастың қызылы деп аталатын алғашқы аяз болады. Қар қалың әрі тұтас түскеннен кейінгі болатын алғашқы аяз күндері осылай аталған. Болжаушылардың айтуынша, қырбастың қызылы үш-бес күнге созылып, сонан соң аяз беті қайта бастайды. Бұл күндері қолдағы малды аяз беті қайтқанша өріске тым ұзатып жаймайды. Желтоқсанның 15-20 күндері ауа райы күрт өзгеріп, ақбөкендер мен қарақұйрықтардың текелері үйірге түсіп, бір-бірімен қосақталатын кезең «Киіктің матауы» аталған. Тап осы кезеңде нөсерлеп жаңбыр жауып, сасай болған ақбөкеннің текелері сасық иісінен тазарады екен. Бұл кезеңдерде жауын-шашын болмай қалса, текелердің көздері ағарып, өліп кетуі де мүмкін. Бұл кезеңді «Киіктің мойын жуары» атаған. Желтоқсанның 22-сі ең қысқа күн, астрономиялық жыл басы. Желтоқсанның 25-і мен 5 ақпан аралығы, сақылдаған сары аяздар болатын әсіресе қаңтардың соңғы күндері, ең суық 40 күн «Қысқы шілде» немесе «Кіші шілде» аталған.
Ақпан – екінші ай. Қыстың, әрі жылдың соңғы айы. «Ақпан қазақтың «ақ ықпа» деген сөзінен шыққан» дейді халық. Бұл ай – қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі. Қатты суық, аяз, үскірік, дүлей борандар осы айда болады. «Боз тоқтыда құйрық қалды, бойжеткенде бұғақ қалды, қырлан, ақпан, Қырлан» деген қаңтар ақпанға бәрін тапсырып кетеді екен» деген сөздер де кездеседі. Ақпан – жылдың ең қысқа айы, кейде 28, кейде 29 күнмен бітіп отырады. 29 күнмен бітетін кезі төрт жылда бір келеді. Халық бұл айды үрейлі жағдайда өткізеді. Өйткені тарихтағы жұттар, ел азықсырап, мал арықтап қалатын қиын жағдайлар дәл осы айда орын алған екен. Бір жағынан ақпанда күн ұзарады. Ақпанда күн ат адым ұзарады» деген сөз осыдан қалса керек. Жалпы ақпан айының қысы ақырып келеді. «Ат құлағы көрінбейтін борандар» осы айларда күш алады. Ал ақпан-тоқпан амалы көктемнің басына сәйкес келеді. Осы амалдан кейінгі құт айындағы ауа райын түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз деп атайды. Яғни күннің көзі шуақтанып, ашық күндері түс қайта жібіңкіреп тұратынын халық осылай бейнелеген.
Жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген египеттік ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескерткен. Осындай санақтың нәтижесінде өзіміз бүгінгі күні қолданып жүрген күнтізбе пайда болды. Сөйтіп, ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атады. Жылдың төрт мезгілін аңғарып, бір жылды жылдың мезгілдеріне сәйкес төртке бөлді. Бұған қоса, ғалымдар өздерінің зерттеуінде әр үш жылдың 365 күнге аяқталып, ал әрбір төртінші жылдың күн саны алдағы үш жылда бір күннің артық қалуы салдарынан 366 күнге толатынын дәлме-дәл есептеп шығарды. Міне, осыдан келіп «Кібісе жыл» деп атайтын жыл пайда болды. Ал төрт жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн ақпан айының үлесіне тиді.
А.Асанов
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025841 Views

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025329 Views

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025610 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

10.07.2025

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.2025

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.