Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ ДОДА
Аймақ жаңалықтары

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ ДОДА

25.11.202410 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жарысты Н.Бекежанов атындағы №156 қазақ орта мектебінің директоры Асыл Асанұлы ашып, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді. – «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Міне, бұл жарыстың мәні де, пайдасы да зор. Тәрбиелік жағынан жастарға үлгі-өнеге деп ойлаймын. Бәріңізге жарыста тек сәттілік тілеймін. Ойында барынша белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетесіздер деген ойдамын, – деді. Қызықты әрі тартысты өткен додада ұстаздар спорттың 6 түрінен бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша III орын Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебіне бұйырса, II орынды М.В.Ломоносов атындағы №47 мектеп-лицейі жеңіп алды. Ал I орынға Н.Бекежанов атындағы №156 орта мектептің ұстаздары лайықты деп саналды. Айта кетейік, шараны ұйымдастырған №156 Н.Бекежанов мектебінің денешынықтыру әдіс бірлестігінің жетекшісі Н.Әбжапбарұлы мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбану Рантайқызының еңбегі орасан зор. Бәсі биік сайыс жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Дүбірлі додада оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен ерекше көзге түскендерге естелік кубоктар мен алғыс хаттар табысталды.
А.ИБРАШ
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026364 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.