Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«Төбелеске дейін барды»: Астана базарында шу шықты (ВИДЕО)
Аймақ жаңалықтары

«Төбелеске дейін барды»: Астана базарында шу шықты (ВИДЕО)

14.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Редакцияға хат жолдаған астаналық Гүлзада Акраманова базардың 10 күнге жөндеу жұмыстарына жабылғанын айтады. Бұған әлеуметтік желіде жариялған видео себеп болған.

6 жылдан бері базарда ет сатамын. Алғашқы жылында жалға берушілерге санитариялық талаптарды қалай сақтау керек екенін айтып отырдым. 5 жылдың ішінде бір рет те жуылмады, жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Сауда жасап тұрған жеріміз болған соң ет павильоны иесі Әлия Шайхиннен қоқысты тазалап кетуді сұраймыз. «Жұмысың болмасын» деп жауап береді. Мені базардан кетірмек болды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң да сол жерде сауда жасай беремін. Базар директорымен сөйлестім, — дейді Гүлзада.

Айтуынша, базардағы тазалық мәселесі бұған дейін де көтерілген.

«Бұл мәселені көтердік, жалға алушылар төбелеске дейін барды. Өзім тұрған жерді сүртіп аламын, басқа жерді жууға міндетті де емеспін. Павильон іші антисанитария. Жуып тазалайтын кісіге 70 мың теңге төлейді, ол кісі үш күнде бір рет келеді. Ал ет сатылатын жер күнде жуылуы керек. Соны айтқаным үшін жақтырмай қалды», — дейді әйел.

Оның сөзінше, павильон шатырынан күз-көктем арасында су ағып тұрады.

Ал павильон иесі Әлия Шайхиннің айтуынша, жөндеу жұмыстары бірнеше күн бұрын басталған. Әйел оған әлеуметтік желіде жарияланған видеоның қатысы жоғын, бәрі жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жуып-тазалайтын күні таңертең ерте келіп түсірген екен. Ай сайын бір рет тазалық жүргізіледі. Видеоны түсірген кісі маған 4-5 млн теңге қарыз. Сол ақшамды қайтаруын сұрағаннан кейін бәлеге қалдым. Ол үнемі «видео түсіріп жариялаймын» деп қорқытады. Базар 4-5 күннен бері жабық тұр. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс басталып кетті. Әлеуметтік желідегі видеоны жазда түсірген. Бір сөзге келіп қалғанымызда видео түсіріп алыпты, қарызымды сұрағаннан кейін дайындап қойған видеосын жариялаған. Тағы 10-15 күн бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс көп, — дейді Әлия Шайхин.

Павильон иесі нысанға ай сайын тексеру жүргізілетінін айтады. Ол барлық талапты сақтап отырғанын жеткізді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025159 Views

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025201 Views

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025148 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025

Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді

26.12.2025

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

26.12.2025

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды

26.12.2025

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.