Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады
Жаңалықтар

Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады

24.09.20241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Министрлік құрылған күннен бастап 2 маңызды құжат: Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеуді қолға алды. Министрлік тарапынан жұмыстар жүргізіліп, Үкіметтің 2024 жылғы 5 ақпандағы №66 қаулысымен Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған Тұжырымдама су саласын дамыту пайымын айқындайтын құжат болғандықтан, ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Тұжырымдамада су ресурстарын басқару жүйесін түбегейлі жетілдірудің дамыту көрінісі жеті тәсілмен айқындалған. Оған қоса, бекітілген Тұжырымдама аясында 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше метр шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, қолданыстағы 37 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналдарын реконструкциялау жоспарланған.

Сонымен қатар, қабылданған Тұжырымдаманың негізінде және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдіктерінің ұсыныстарымен «Қазақстанның су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысының жобасы әзірленді. Кешенді жоспар 160 түрлі іс-шарадан немесе 5 456 іске асыру жобасынан тұрады. Олар республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, бюджеттен тыс қаражат (баланс ұстаушының және халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты, жеке инвестициялар) есебінен қаржыландыруды көздейді. Кешенді жоспардың әзірленген жобасы республикалық, сондай-ақ коммуналдық және жеке меншіктің cу шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі салалық және өңірлік мәселелердің бірқатар шарасын жедел шешуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын іске асыру сипатындағы құжат саналады, – дейді ведомство.

Жаңа су кодексінің мақсаты экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және қолдау саналады. Қолданыстағы құжаттан айырмашылығы, мұнда су экономикалық пайдаға қол жеткізу құралы саналады, негізінен ауыл шаруашылығында. Жаңа Кодексте негізгі назар елдің су-ресурстық әлеуетін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғауға бағытталады. Осыған сәйкес, заң жобасын әзірлеуді ескере отырып, алты негізгі принципті бөліп көрсету керек:

  1. суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, халықтың тіршілік әрекеті мен экономикалық дамуының негізі ретінде тану;
  2. мемлекеттің су ресурстарын пайдалану кезінде олардың экономикалық құндылығын тануы;
  3. жер үсті және жер асты су ресурстарын кешенді пайдалану;
  4. суды үнемдеу;
  5. су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту;
  6. Қазақстан ратификациялаған халықаралық нормалар мен халықаралық шарттар негізінде трансшекаралық суларды пайдалану. Өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта Халықаралық су ағындарын кеме қатынасы жоқ пайдалану түрлері құқығы туралы конвенцияны ратификациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жаңа Су кодексінің жобасы 6 бөлімнен, 14 тараудан және 121 баптан тұрады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026364 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026177 Views

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026

Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді

05.06.2026

Жаңа цифрлық шешімдер әскери қызметшілердің жұмысын жеңілдетті

05.06.2026

10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.