Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Спорт»NEET санатындағы жастар арасында киберспорт турнирі мәресіне жетті
Спорт

NEET санатындағы жастар арасында киберспорт турнирі мәресіне жетті

20.08.20247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылғы 19 тамызда, сағ. 10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті.

Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.

Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын.

Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті.

Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды.

Тәмен Ақжол:

«Бәрінің айтатыны – Компьютер ойындары жаман. Жеке пікірім – бұндай ойдан арылу керек. Бұндай топтық ойындар  адамның ойлау қабілетін дамытады. Әрине, көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, болашағымыз осы компьютермен байланысты болатындығын айтқым келіп отыр.          Жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалануына, ұтымды әрекет етуге, көңілін сергітуге, сенімді қадам жасауға баулу. Және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Тағы бір айтайын дегенім, жастар арасында аймақтық кейін республикалық деңгейде өткізсеңіздер деген ұсынысымыз бар.»

Өзара бақ сынасқан турнир Real ойын клубында жоғары деңгейде өтті.

Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

«Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен киберспорт турнирінің қортындысы бойынша, жеңімпаз Жәнібек Кенжебайұлына кубокпен 250 мың теңгенің, екінші орын алған Асылбай Ерланға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Ержан Нұржанға және Файзулла Дидарға 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.

Жарысқа қатысушылар турнирден жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді

«Social project management» орталығы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026518 Views

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.20262 907 Views

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026896 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.