Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады
Аймақ жаңалықтары

Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады

25.11.202617 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасымен Қызылорда облысы Арал ауданында «Халыққа жақын» республикалық жобасы жұмысын бастады. Ауқымды жобаның мақсаты – халықпен тұрақты әрі тікелей диалог орнату, соның ішінде ең шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді бір алаңда талқылап, нақты көмек ала алады. Қызылорда облысы – жоба іске асырыла бастаған алғашқы өңір. Алдағы уақытта бұл тәжірибені бүкіл елге тарату жоспарланып отыр.

Сапар барысында Халық Кеңесінің мүшелері Арал өңірінің еңбек ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және тұрғындарымен кездесті. Онда Президент реформаларын жүзеге асырудағы қоғамның рөлі, өңірді дамыту перспективалары және халықпен өзара байланыстың жаңа форматтары талқыланды.
Ерлан Қошанов Тәуелсіздіктің 35 жылдығында еліміз ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің маңызды кезеңін өткеріп жатқанына назар аударды. Бұл үдеріске Қызылорда облысы да елеулі үлес қосып келеді.
«Биыл – еліміз үшін тарихи жыл. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдумда жұрт болып жұмылып, қастерлі құжатымыз Конституцияны қабылдадық. Елімізде ауқымды реформалар іске асуда. Сіздер сол өзгерістердің бел ортасында жүрсіздер. Мемлекет басшысы қоғамға, елге қажет бастамаларды қолға алды. Бұл үдерістерге азаматтарды тартуда Қазақстанның Халық Кеңесіне маңызды міндет жүктеледі. Соның дәлелі ретінде бүгін Аралға «Халыққа жақын» жобасымен келіп отырмыз», – деді Халық Кеңесінің Төрағасы.
Халық Кеңесінің мүшелері жоғары консультативтік органның мақсаттары, міндеттері мен өкілеттіктері туралы айтып берді. Конституциялық мәртебе берілген жаңа институттың құрылуы ел дамуының аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеуге азаматтардың қатысуына қосымша мүмкіндік береді.
Кездесуде Халық Кеңесі қызметінің практикалық қырлары да сөз болды. Негізгі бағыттардың қатарында азаматтардың өтініштері мен бастамаларын қарау, оларды сараптамалық тұрғыдан пысықтау, Үкіметке, Құрылтайға және Мемлекет басшысына ұсыныстар әзірлеу бар. Осылайша, тұрғындар көтерген, соның ішінде жүйелі сипаттағы мәселелер жалпыұлттық деңгейде талқыланады.
Соның ішінде «Халыққа жақын» жобасы азаматтармен тікелей байланыс орнатуға ұйытқы болады. Кеңес мүшелері мен салалық министрліктер өкілдерінен арнайы мобильді топтар құрылды. Олар барлық облысты аралап, шалғай елді мекендерге барып, тұрғындарға жаңа институттың мүмкіндіктерін таныстырады, халықтың сұранысын зерделейді және мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты мәселелерді шешу жолдарын айқындайды. Осындай сапарлар барысында тұрғындар кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді ешқайда бармай-ақ пайдалана алады және өз бастамаларын ұсынады.
Мобильді топтардың назарында жұмыспен қамту, жастарды қолдау, медицина мен білім берудің қолжетімділігі, интернетпен қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік және экология мәселелері болады. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын жайттар аудандық және облыстық әкімдіктермен бірлесіп пысықталады. Ал жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер салалық орталық мемлекеттік органдарға жолданады. Осылайша, жоба Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға зор септігін тигізбек.
Мобильдік топтардың сапарлары барысында атқарылған жұмыстың нәтижелерін жинақтау Халық Кеңесіне өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
«Халыққа жақын» жобасы бізге біраз мәлімет алуға қолғабыс болды. Осындай жобаны Қызылорда облысының ең шалғай елді мекені Арал ауданынан бастап жатқандарыңызға рахмет. Бізге кәсіпкерлік саласы бойынша білімімізді жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктермен танысуға жол ашқан оқыту курсын жасаған жоба ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін, – деді жеке кәсіпкер Жансерік Нысанбаев.
Бүгін Арал ауданының тұрғындарына түрлі мәселелер бойынша қызмет көрсетіліп, жоба жергілікті жұртшылық тарапынан қолдау тапты.
«Оқу барысында біз Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктерімен жан-жақты таныстық. Жұмыс іздеу, түйіндеме орналастыру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы құнды мәліметтер берілді. Алған біліміміз жұмысқа орналасуға және кәсіби жолымызды дұрыс қалыптастыруға көмектеседі деп сенемін, – деді «Арал ауданының Мансап орталығы» филиалының маманы Мөлдір Ақылбекова.
Халықпен тікелей байланыс орнату мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары консультативтік органның қызметін цифрландыруға ерекше мән беріліп отыр. Халық Кеңесінің мүшесі Бағдат Мусиннің тікелей қатысуымен азаматтарға өтініштері мен бастамаларын мобильді қосымша арқылы жолдауға жол ашатын ақпараттық жүйені әзірлеу аяқталуға жақын. Кері байланыстың бірыңғай цифрлық арнасын құру тұрғылықты жеріне қарамастан, елдің барлық өңіріндегі тұрғындар үшін Халық Кеңесімен байланысуды қолжетімді етеді.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеумен қатар, Халық Кеңесі қызметінің маңызды бағытының бірі – Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу. Кездесулерде «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру мәселелері талқыланды. Халық Кеңесінің мүшелері бұл жұмысқа жергілікті халықтың қатысуы маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған міндеттер де талқыланды. Аралдықтар «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасын ерекше қолдап отыр. Бұл – әр азаматтың қолайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқан серпінді қадам.
Жұмыс сапары аясында Халық Кеңесінің Төрағасы облыс басшылығымен бірлесіп, азаматтарды аралас форматта қабылдады. Өңір тұрғындары инфрақұрылымды дамыту, мектептер мен медициналық мекемелерді жаңғырту, жастарға кәсіби бағдар беру, цифрлық сервистерді енгізу, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселелерін көтерді.
Халық Кеңесінің мүшелері сондай-ақ өңірдегі бірқатар өнеркәсіп, әлеуметтік және мәдени нысанды аралап, жергілікті өндірісті дамыту перспективаларымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және жастардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасау жұмысымен танысты.
Сапарды қорытындылаған Халық Кеңесінің мүшелері «Халыққа жақын» жобасы бүкіл ел көлемінде жұртшылықпен тұрақты байланыс орнату тетігіне айналуға тиіс екенін атап өтті. Қызылорда облысында жинақталған тәжірибе жобаны басқа өңірлерде одан әрі дамытуға негіз болады.
Алғашқы кезеңде Халық Кеңесінің мүшелері Марат Әзілханов, Геннадий Шиповских бастаған мобильді топ Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарын аралайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.20263 954 Views

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.20263 676 Views

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026786 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады

25.11.2026

Жастар мен ардагерлер батырлар рухына тағзым етті

19.11.2026

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.2026

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.2026

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.