Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды
Жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды

20.05.20244 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің алғашқы 100 шақырымын бағындырып, бірінші кезеңнің мәресі Екібастұз маңында аяқталды.

Ұлы дала жорығы

Алғашқы кезең қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Солтүстік-Қазақстан облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, алғашқы кезеңде бірден үш команда (Алматы мен Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) жарыстан әртүрлі себептермен шығып қалды.

«Аттардың шама-шарқын бағамдаған шабандоздар сәйгүліктерін қинамай, дер кезінде жарысты тоқтатқандары жақсы шешім болды», — дейді Бас төреші Надежда Купцова.

Бірінші кезеңде Батыс-Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары екі аттан, Абай облысының командасында бір ат жарысқа жарамсыз деп танылды. Жалпы 20 мамырда 2-кезеңді 16 команда жалғастырады.

100 км:

1. ШҚО — — 5 сағ. 47 мин.

2. Маңғыстау облысы — 5 сағ. 49 мин.

3. СҚО — 5 сағ. 51 мин.

4. Жамбыл облысы — 5 сағ. 52 мин.

5. Жетісу облысы — 5 сағ. 55 мин.

6. Алматы қаласы — 6 сағ. 09 мин.

7. Ақмола облысы — 6 сағ. 23 мин.

8. Павлодар облысы — 6 сағ. 29 мин.

9. Қостанай облысы — 6 сағ. 30 мин.

10. Астана қаласы — 6 сағ. 35 мин.

11. Абай облысы — 6 сағ. 35 мин.

12. Түркістан облысы — 6 сағ. 39 мин.

13. Қарағанды облысы — 6 сағ. 40 мин.

14. Ұлытау облысы — 6 сағ. 55 мин.

15. БҚО — 6 сағ. 57 мин.

16. Команда «Рекорд».

Ұлы дала жорығы

Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 15 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Өткен екі жыл қатарынан елімізге есімі танымал әуесқой велошабандоз Раббим Борашов аттылы шабандоздармен бірге Астанадан Түркістанға дейінгі 1200 және 1300 шақырымды бағындырған еді. Раббим Борашов – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Спортшы бұл жолы да 5 күндік аламанға қатысып, 500 шақырымды бағындыруды жөн көріпті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.