Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Құрылысқа да, тұрмысқа да қажет өнім
Жаңалықтар

Құрылысқа да, тұрмысқа да қажет өнім

03.05.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Астананың түбіндегі, аумағы атшаптырым жерді алып жатқан «Polytech Astana» ЖШС зауытына редакция тапсырмасымен арнайы барып қайттық. Өндіріс пен тұрғын үй құрылысына қажетті құбырлар шығарумен айналысатын бұл компания 2004 жылы ашылған.

Зауытқа 2013 жылдан бері №1 Индуст­риялық парктен жер бөлініп, толық негіз­де түрлі өлшемдегі құбыр шығаруды қолға алған. Жалпы құны 4,15 млрд теңге инвестиция салынған өндіріс орнының өзіндік ерекшелігі көп. Кәсіпорынның техникалық директоры Марат Сәдуақасов цех ішін аралай жүріп, өзімізден шығып жатқан өнім жайын түсіндіріп берді.

«Басты өніміміз – су құбырлары, сондай-ақ газ желілерін жүргізуге, электр желілерінің сыртын қаптауға арналған құбырлар. Қосымша күкірт қышқылына төтеп беретін, қысым­ға шыдамды, әсіресе «ҚазАтомПром» сияқты кәсіпорындар пайдала­натын құбырлар да бар. Жалпы, әр құбырдың өзіндік ерекшелігі, неге жарамды немесе жарамсыз екені туралы мәлімет болады. Тапсы­рыс берушілер де өзіне қажетті құбырдың не нәрсеге керектігін айтады. Сол бойынша өнім да­йындаймыз. Ал негізгі шикізат – полиэтилен. Бұл химиялық зат біздің елден шықпайды. Біз оны Қытай, Ресей, Өзбекстан немесе Ираннан алдырамыз. Ал зауыттың жылдық қуаты – 15 мың тонна құбыр», дейді зауыттың техникалық директоры Марат Сәдуақасов.

Оның сөзінше, шикізат өзі­мізден шықса, өнім бағасында да көп өзгеріс болады. Өзгеріс бол­ғанда да, баға төмендейді. Өйткені не керектің бәрі өзімізден табылып тұрса, құбыр бағасы да тым аспандамайтыны анық қой. Ал қазір шикізаты сырттан болған соң шығар, өнім бағасы арзан деу­ге келмейді. Мұндағы баға өнім­нің ұзындығы не көлеміне емес, салмағына қарай қойыла­ды. Мы­салы, диаметрі 160-тық құбыр­дың бір метрге шаққандағы салмағын есептесек, бұл – 3 765 теңге.

пр

«Рас, дәл қазір өнімге сұраныс жоқ емес бар, бірақ елдегі үлкен ком­­па­­ниялар Қытай немесе Ресей­ге тап­сырыс беріп алдыратыны да рас. Елден шығатын өніміміз сырт­­тан келетін тауардан еш кем емес. Тіп­ті артық десек те болады. Ал отан­дық өнімге деген Үкімет қол­дауы тоқтамаса, белгілі бір келі­сім-шарт­пен жыл бойына са­тып алу мәсе­лесі жолға қойылса, елдегі өнім шы­ғаратын кәсіпорындардың қадамы алға жылжи түседі. Егер отандық кәсіпорын шығарған тауардың осылайша сатып алу үдерістерін жеңілдетіп, сапасы мен үлесін арттыру сынды жұмыстарын бір жүйеге түсірсе, онда экономикалық көрсеткішіміз де жаман болмасы анық», дейді Марат Сәдуақасов.

Бүгінде кәсіпорын құбырлары арнайы тапсырыспен Астана, Алматы, Қостанай, Ақтау мен Атырау қалаларына жіберіліп жатыр. Ай­та кету керек, серіктестік­тен шы­ғатын диаметрі 16-лық құбыр­ларды электр желілерін қаптау­ға пайдаланса, ең үлкен 1 200 диаметр­лі құбырлар жерасты жылу желі­лерін жүр­гізгенге таптырмас өнім. Ал сапа­­сына келсек, бұлардың жарам­ды­лық мерзімі 50 жылға дейін же­теді. Бү­гінде көбіне-көп 110 диаметр­лік құ­быр­лардан жоғары қарай өл­­шем­дегі құбырларды өзіміз­дегі құ­ры­лыста көбірек қолданылады екен.

Төрт ауысыммен жұмыс істей­тін зауытта дәл қазір 70 адам өз нәпақасын тауып жүр. Көпшілігі техникалық және механикалық мамандықтарды игерген. Сондай-ақ жұмысшыларға арнайы автобус қарастырылған. Бір мезгіл тегін ас беріледі. Ең төменгі айлық – 200 мың теңге көлемінде.

«Құбырдың көлемінен бөлек, ұзындығы да тапсырыс берушінің сұранысына қарай жасалады. Мысалы, қазір жүк тиейтін бөлігі 12 не 13 метрлік үлкен көліктер бар. Диаметрі 160-тан жоғары болатын құбырлардың ұзындығы да соған сәйкес құйылады. Ал диаметрі одан кіші құбырлардың ұзындығын арнайы орам арқылы бір шақырымға дейін дайындаймыз. Әртүрлі өлшемдегі құбырды ерітіп құятын жабдықтардың барлығы да заманауи технологиялар», дейді зауыттың техникалық директоры.

Зауыт басшысының айтуынша, зауытта Қытайдан әкелген арнайы құрылғы арқылы диаметрі 16 мен 160 болатын құбырлар шығады. Ең үлкен диаметрдегі (1000-1200 дм) құбырлар неміс технологиясымен жасалған балқыту аппаратында құйылады. Ал орташа көлемдегі құбырлар Финляндиядан келген жабдықтармен дайындалады екен.

«Құбыр дайындауда ең қажетті – «полиэтилен» дейтін дүние біздің елде дайындалмайды. Дәл осы затты өзімізден шығаруға мүмкіндік жеткілікті. Тек тағы да осы жерде мемлекетіміз жағдай қарастырса дейміз», деп сөзін қорытты зауыт басшысы М.Сәдуақасов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025839 Views

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025271 Views

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025109 Views
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025

Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр

23.06.2025

Иран АҚШ-ты халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптады

23.06.2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.