Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
Жаңалықтар

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.20264 227 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Еліміздің экономикалық саясатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл әлемдік қаржы жүйесінің оң көзқарасын қалыптастыруда. Мысалы, Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасын әртараптандырудың ықпалын бағалады.

Онда өңдеу өнеркәсібінің дамуы ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, оны сыртқы шикізат нарығындағы ахуалға тәуелділіктен біртіндеп арылтатыны айтылған. Сарапшылардың бағамдауынша, Үкімет елдің заманауи индустриялық қаңқасын қалыптастыру үшін берік негіз қалап келеді.

Яғни, Еуразиялық даму банкінің Салалық талдау орталығының басшысы Арман Ахунбаевтың пікірінше, мықты өнеркәсіп экономиканы «орта табыс тұзағынан» шығарудың негізгі тетіктерінің бірі екен.

— Қазақстан қазірдің өзінде жоғары табысты елдер санатына өтуге өте жақын. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 13 740 долларға жетті. Ал жоғары табысты елдер санатына өту шегі – 14 375 доллар. ЕАДБ бағалауынша, Қазақстан бұл межеге 2028-2029 жылдары жетуі мүмкін. Ендігі басты міндет экономикалық өсімнің жоғары әрі тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, – дейді Арман Ахунбаев.

Жалпы, қазір әлемдегі барлық инновацияның шамамен жартысы өңдеу өнеркәсібінде шоғырланған. Сонымен қатар бұл сектордағы бір жұмыс орны аралас салаларда тағы 2,2 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Елде қалыптасқан өндірістік база бар. Ендігі міндет мұнай, металл мен астықты шикізат ретінде тікелей экспорттаудан бас тартып, оларды полимерге, құрал-жабдыққа және терең өңделген өнімге айналдыру болмақ.

ЕАДБ бағалауынша, ресурстарды технологиялық капиталға осындай жолмен трансформациялау Қазақстан экономикасына жыл сайын 38,4 млрд долларға дейін қосымша өнім әкелуі мүмкін. Бұл бағытта ел экономикасын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8 пайызға өскен.

Өсімнің негізгі үлесін машина жасау саласы қамтамасыз етті. Ондағы өндіріс көлемі 23,2 пайызға артқан. Химия өнеркәсібінде өсім 19 пайызды, тамақ өнімдерін өндіруде 14,7 пайызды құрады. Ал жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі бірден 89,2 пайызға өскен.

Бұл жерде арнайы экономикалық аймақтардың индустрияның тірегіне айналып отырғанын айту парыз. ЕАДБ сарапшыларының пікірінше, тарифтерді көтеру, тыйым салу немесе нарықтағы бәсекені бұрмалайтын ауқымды тікелей субсидиялардан айырмашылығы, арнайы экономикалық аймақтар инвестор үшін негізгі мәселелерді нақты әрі тікелей шешуге мүмкіндік береді. Арнайы экономикалық аймақтардың басты ерекшелігі ретінде мемлекет нарыққа жасанды түрде араласпайтынын айтуымыз керек. Оның орнына бизнеске дайын инфрақұрылым мен түсінікті реттеу тетіктерін ұсынады. Бұл инвестордың бастапқы кезеңдегі қомақты күрделі шығындарын азайтып, жаңа өндірістерді іске қосу мерзімін бірнеше жылдан бірнеше айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осының негізінде өндірісте кластерлік әсер қалыптасады.

— Бұған Саран қаласындағы өндірістік алаңды мысал етуге болады. Мұнда негізгі өндіріс шиналар мен автобустар шығаратын кәсіпорындардың айналасында автокомпоненттер өндіретін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұтас белдеуі қалыптасып келеді. Осындай үдеріс Атырауда мұнай-химия саласының айналасында да жүріп жатыр. Бір ірі кәсіпорынды жергіліктендіру оның айналасына басқа өндірістердің тартылуына жол ашады, – дейді сарапшы Арман Ахунбаев.

Тоқетерін айтқанда, Қазақстан үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және бизнестің жаңа өндірістерге инвестиция салуына жағдай жасау стратегиялық маңызға ие. Егер ЕАДБ сарапшыларының болжамы жүзеге асып, Қазақстан 2028-2029 жылдары жоғары табысты елдер қатарына қосылса, бұл экономикалық өсімнің сандық көрсеткіші ғана емес, елдің даму моделін өзгерту жолындағы маңызды кезең болмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026839 Views

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026247 Views

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026583 Views
Соңғы жаңалықтар

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.2026

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

28.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.