Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Аралды құтқарудан бастап «жасыл мектептерге» дейін: Орталық Азия жастары RES-2026 саммитінде климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді
Аймақ жаңалықтары

Аралды құтқарудан бастап «жасыл мектептерге» дейін: Орталық Азия жастары RES-2026 саммитінде климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді

11.03.2026175 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен келген 100-ден астам жас эко-белсенділер мен көшбасшылар климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді. 2026 жылғы 24 сәуірде Астанада ауқымды Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Болашақ экожүйе: балалар мен жастар тұрақты даму сәулетшілері ретінде» атты арнайы жастар воркшобы өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

ЮНИСЕФ-тің ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шарасы өңірлік экологиялық диалог үшін бірегей алаңға айналмақ. Орталық Азияның түкпір-түкпірінен жиналған 16 мен 25 жас аралығындағы жастарды, БҰҰ сарапшыларын, бизнес және үкімет өкілдерін қамтитын 150-ге жуық қатысушы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық шешімдерді бірлесе әзірлейді.

«Балалар мен жастар – бүгінгі қабылданып жатқан климаттық шешімдердің салдарымен бетпе-бет келетін және сол жағдайда өмір сүретін буын. Біздің ЮНИСЕФ-тегі басты міндетіміз – олардың үні жоғары деңгейде естілуі үшін тиісті алаң ұсыну. Орталық Азия жастарының басын қосу арқылы біз бүкіл аймақтың тұрақты әрі қауіпсіз болашағына инвестиция құйып отырмыз», – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар.

Пікірталастың басты тақырыптарының бірі «Жасыл мектептер» өңірлік платформасы (RGSP) болмақ. «Жасыл мектептерді» дамыту – экологиялық сананы қалыптастырудың іргетасы ретінде қарастырылады. Қатысушылар білім беру мекемелерін тұрақты даму орталықтарына қалай айналдыруға болатынын талқылайды. Мұндай орталықтарда балалар климат туралы теориялық білім алып қана қоймай, ресурстарды үнемдеу технологияларын іс жүзінде қолданып, болашақ мамандықтарына қажетті «жасыл» дағдыларды меңгереді.

Мектептерден бөлек, жас делегаттар интерактивті форматта су ресурстарын басқару, ормандарды сақтау, айналмалы (циклді) экономиканы дамыту және климаттық мәселелерді шешуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану салаларындағы шешімдер үстінде жұмыс істейді.

Воркшоп қорытындысы бойынша жастар командалары өз жобаларын мәртебелі қазылар алқасына таныстырады. Олардың жұмысының нәтижелері RES-2026 Өңірлік экологиялық саммитінің қорытынды құжаттарына біріктірілетін Жастар мәлімдемесінің негізіне айналады деп күтілуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.