Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

02.02.2026865 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті. Оған Қазақстанның Еңбек ері, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Имамзада Шағыртаев, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, бизнес-қоғамдастықтар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Алдымен облыстық мәслихат төрағасы еліміздің келешегі, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы ең алдымен Ата Заңның мазмұны мен маңызына тікелей байланысты екенін атап өтіп, бірқатар маңызды өзгерістерге тоқталды.
— 2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Осы комиссия құрамында Сыр өңірінен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың болуы – аймаққа деген сенімнің, атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың және оның нәтижесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Сонымен қатар, комиссия құрамына Қазақстанның Еңбек ері Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы және облыстық мәслихат төрағасы ретінде мен де қосылдым.
Бұл өзгерістер өз кезегінде халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Конституция – бұл жай ғана заң емес. Бұл – әділетті қоғамға, ашық мемлекетке бастайтын жол.
Жалпы алғанда, ұлттық құндылықтар мен елдің идеялық бағдарын Конституцияның кіріспесінде бекіту, адамның ең жоғары құндылық ретіндегі мәртебесін нақтылау, және неке мен отбасы институтының Ата Заң деңгейінде қорғалатыны қуантады.
Бұл конституциялық реформа Қазақстанның тұрақты дамуына, құқық үстемдігіне және әділетті қоғам құруға берік негіз қалайды, — деді мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.

Жиында сөз алған Қазақстанның Еңбек ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, олардың қоғам өміріне оң ықпалын тигізетінін, азаматтар құқықтарының күшейетінін және мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететінін жеткізді.
Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов
жаңа Конституцияның елдің бірлігі мен тұрақтылығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтіп, аталған реформаларға қолдау білдіру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.