Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады
Аймақ жаңалықтары

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025210 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
СҚО аграрлық секторды дамытумен қатар мал шаруашылығында да елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелер фермаларды жаңғырту, озық технологияларды енгізу және мал басын көбейту арқылы мүмкін болды. Ет өндірісі 68,5 мың тоннаны, сүт – 334 мың тоннаны, жұмыртқа – 530 млн дананы құрады. Сүт бағыты да белсенді дамып келеді. Облыс заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көшбасшы орынды сақтап отыр. Өңірде 110 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бұл еліміздегі барлық 373 ферманың 30%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

2023-2024 жылдары елімізде салынған 58 жаңа сүт-тауар фермаларының 21-і СҚО-да іске асырылды. Биыл тағы 8 заманауи кешен қосымша енгізіледі. Облыста сүт шаруашылығында 2 ірі жоба жүзеге асырылуда. «Зенченко және К» командиттік серіктестігі тоқсан орындық «Карусель» сауу қондырғысы бар 8 мың басқа арналған ферма салады. Шаруашылық елдегі ең үздік алғашқы ондыққа кіреді және сүт сауу өнімділігі бойынша Қазақстанда 1-орында.

«Мағжан Жұмабаев ауданында «СК Агро» серіктестігі 100 бас сиырға «Карусель» бірегей сауу қондырғысы бар 10 мың басқа арналған Орталық Азия бойынша ең ірі ферма салады. Екі жоба бойынша сүт өндірудің жылдық өсімі 68 мың тоннаны құрайды. Бұл агроқұрылымдар өндіретін сүттің үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Беларусьте заманауи фермалар сүт өндірісінің 77%-ға дейін, Қытайда 70%-дан астам, Еуропа елдерінде 93%-дан астамын қамтамасыз етеді. Жобаларды іске асыру өңірдің позициясын нығайтып, Солтүстік Қазақстан облысының республикалық сүт өндірісіндегі үлесін 20%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді»,-деді өңір басшысы.

Президент жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңғырту мен азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық басымдық ретінде белгіледі. Өңірде қайта өңдеудің маңызды жобалары  іске асырылуда. Қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар өндіретін және 120 мың тонна өнім өндіретін «МаслоДел» май экстракциялық зауыты жұмыс істейді, оның басым бөлігі экспортқа бағытталған. Кәсіпорынның қуатын жылына 92 мың тоннаға дейін арттырып, жұмыс орындарын құруды қамтамасыз еткен «Eurasian Milk» серіктестігінде қоюландырылған сүт цехының құрылысы аяқталды. Агроөнекәсіп кешенінің инновациялық бағыттары дамуда. «Север Агро LTD» серіктестігінде 400 бас күшім тұқымына арналған биенің құрғақ сүтін өндіру фермасы іске қосылды. Бұл – Қазақстандағы осындай екінші жоба.

Қант қызылшасын өндіру жалғасуда. «Asyl Farms» серіктестігінің тәжірибелік егістері өсімдіктің өте жақсы бейімделуін көрсетті. Қанттылығы 20%-ға жетіп, үздік еуропалық сорттардың деңгейін көрсетті. Қуаттылығы 1 млн тонна шикізатты өңдейтін және 200 мың тоннаға дейін қант шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Бұл импортты қысқартып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Қызылжар ауданының «Salar Farm» серіктестігінде қуаттылығы жылына 60 мың тонна түйіршік жоңышқа өңдеу зауытын салу жобасы іске асырылуда. Өнімдер Қытаймен Орта Азия елдеріне экспортталады. Нысанды 2026 жылы іске қосу жоспарлануда.

Жасанды интеллектіні енгізу ауыл шаруашылығының барлық негізгі процесін қамтиды. «Ақылды фермалар» және жасанды интеллект негізіндегі аналитикалық жүйелер егінді дәл басқаруды, жануарларды бақылау мен шығындарды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025524 Views

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025474 Views

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025220 Views
Соңғы жаңалықтар

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

04.12.2025

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.