Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр
Аймақ жаңалықтары

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025165 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Былтыр Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған. Ал, биыл жалпы құны 17 млрд теңге болатын 10 жоба іске асуда. Оның ішіндегі құны 8,5 млрд теңгені құрайтын 7 жоба ағымдағы жылы іске қосылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков хабарлады.

Оның айтуынша, қазір облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Ал, келесі жылы қосымша 2 тауар түрімен ішінара қамтамасыз ету жоспарлануда. «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында биыл 700 млн теңге сомасына 100 жоба қаржыландырылды. Ұлытау облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал биылдың өзінде құйылған инвестиция көлемі – 2,5 млрд теңге.

«Жыл басынан бері жаңа нысандарды құру және істеп тұрған нысандарды кеңейтудің арқасында 2200 жұмыс орны құрылды. 8200 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі – 4,1. Орташа айлық жалақы 7,5%-ға өсті. Он айдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 3,1%-ға азайды. Жұмысшылар жылы аясында бірқатар шара өтті. Оның аясында жұмысшы мамандықтардың абыройын арттыру, кадр даярлау, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда», – деді спикер.

2025 жылы Жезқазған қаласында 380 орындық екі мектеп, 805 орындық 3 балабақша қолданысқа берілді. Биыл өңірде ерекше күтімді қажет ететін балалар ата-аналарының өтініші бойынша алғаш рет аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылды. 7 мектеп жөнделіп, 28 пәндік кабинет сатып алынды. Биыл 2,6 млрд теңгеге 2 мектеп құрылысы аяқталады деп күтілуде. 2 балабақша құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар демеушілік қаражат есебінен биыл Жезқазғанда 250 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды. 2026-2027 жылдар аралығында Жезқазған қаласында 1 200 орындық BINOM мектебінің құрылысы, 400 ұл балаға және 400 қыз балаға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі мен 300 орындық екі интернат-жатақханасын салу жоспарлануда. Айта кетерлігі, 2025 жылы «Алтын белгі» иегерлері 2 есе өсіп, 74 түлекке жетті.

Облыс құрылғаннан бері денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы 88%-ға жеткізілді. Барлығы 333 медициналық жабдық сатып алынды, оның 96-сы биыл алынған. Ұлытау облысының бюджеті есебінен 32 резидент тегін білім алуда. Осы жылы өңірге жаңадан келген 25 медицина қызметкеріне 170 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Сондай-ақ 15 дәрігер қызметтік үймен қамтамасыз етілді. Жалпы облыс құрылғаннан бері «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 медициналық нысанның құрылысы аяқталды, оның жетеуі биыл жыл соңына дейін беріледі.

2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде өлім саны 3,7%-ға, бала өлімі 44,6%-ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 12,8%-ға төмендеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.