Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі
Аймақ жаңалықтары

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025472 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылы Ұлытау өңірінде 4,9 млрд теңгеге 819 шақырым электр желілері мен 272 электр жабдығын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд теңгенің жұмысы монополист кәсіпорындарға бекітілген инвестициялық жобалар арқылы іске асты. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдың Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып, 46,2 шақырым электр желілері тартылды. 1447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

«Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі қазір өңір бойынша 9,1% құрайды. Жалпы өңірде сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда.  Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілер тартылып, 2 нысан газға қосылды. 2030 жылға дейін 63 мыңға жуық облыс тұрғыны газбен қамтылмақ», – деді облыс әкімі.

Ұлытау облысы құрылғаннан бері 549 шақырым автомобиль жолдары және 4 көпір жөнделді. Биыл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 129 млрд теңгеден астам сомаға ұзындығы 261 шақырым жолға реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолын реконструкциялау аясында құрылыс жұмыстары биыл басталып, қазіргі таңда төрттен бір бөлігіне асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар өңірде «Қаражал–Атасу» автожолының реконструкциясы, «Ұлытау–Арқалық»  автожол аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Облыстық маңызы бар «Сәтбаев–Малшыбай–Жошыхан, Домбауыл кесенесі» автожолының құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылы ұзындығы 316 шақырымды құрайтын Қызылжар – Мойынты жаңа темір жол желісінің құрылысы басталды.

Жалпы облыс аумағында 29 автобустық маршрут ұйымдастырылған. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы облыс бойынша 4 теміржол вокзалында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс орталығынан 4 өңірге әуе маршруттар бар. 2026 жылы Балқаш және Түркістан қалаларына әуе маршрут ашу жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысы саласында 29 үй бойынша жұмыс жүргізілуде. Былтыр 9 үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде шамамен 500 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Әлеуметтік осал топтар үшін 100-ден астам пәтер сатып алынды. «Ұлытау жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында Отбасы банкімен бірлесіп, жыл сайын облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 45 жас азаматқа пәтер алу мүмкіндігі берілді. 2025-26 жылдары 35 үйдің құрылысы жалғасады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026515 Views

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026102 Views

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026139 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.