Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА «АБАЙ» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АБАЙ» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

02.12.202562 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті.

Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады. «Абай» трагедиясы — еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қайталанбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуезов шығармашылығының маңызды бағыты болған Абайдай ғұламаның тақырыбы, қайталанбас келбеті оқырмандарынан бұрын сахнада сомдалған бейнесі арқылы халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің айтулы операсы тек жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын паш ететін тағылымды туынды.


Кейіпкердің ой тереңдігін, сөзінің өткірлігін, тіл шеберлігін, азамат ретіндегі беделін филармония әртістері негізгі қалпын сақтап, асқан шеберлікпен көрермен қауымға жеткізді.
Ерекше классика кешін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Тұтас сахналанған операға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі – А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М. Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты З.Стықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы, (көркемдік жетекшісі – Қ. Боранбаев) және филармония солистері қатысып, көрерменге маңызы терең, философияға толы мәдени демалыс сыйлады.
Операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.
Абайдың жеке өмірі, шығармашылығы мен оны тұлға ретінде айшықтауға арналған бұл туынды ұлттық рухты оятатын, қоғамды бірлікке бастайтын зор қозғаушы күшке ие. Абай шығармашылығын, оның ғұмырнамалық, мәдени-рухани мұраларын сан-алуан үлгіде насихаттау қазіргі қазақ руханияты үшін аса қажет.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.