Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» АТТЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ЖӘНЕ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» АТТЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ЖӘНЕ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

29.11.2025544 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қаламызда Облыстық жастар орталығының ғимаратында Қызылорда қалалық «Мансап орталығы» филиалымен бірлесіп, жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтарға арналған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы «Болашаққа бағдар» атты «Ашық есік күні» және «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға құрылыс саласының жұмысшылары, бетон құюшылар, тас қалаушылар, түрлі санаттағы көлік жүргізушілері, электриктер, күзетшілер, сондай-ақ білім саласы бойынша мұғалімдер мен тәрбиешілер, медицина қызметкерлері, есепшілер және басқа да мамандық иелері қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңке жұмыссыз азаматтарға жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасуға толық мүмкіндік берді.
Шараға барлығы 17 жұмыс беруші мекеме қатысып, 142 бос жұмыс орны ұсынылды.
Іс-шараға 150-ден астам жұмыс іздеуші азамат, оның ішінде 75 әйел, сондай-ақ 112-сі 18-35 жас арасындағы жастар қатысты. Консультация алғандардың жалпы саны – 138 азамат.
Сонымен қатар жәрмеңкенің ерекшелігі ретінде 21 оқу орнының 300 ге жуық бітіруші түлектері де қатысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңке нәтижесінде 19 азаматқа жолдама беріліп, олар тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Бұдан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындары аясында жұмыс берушілер «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша оқу бітіргеніне 5 жылдан аспаған жас мамандарды уақытша жұмыс орындарына қабылдайды.
Бүгінгі күнге дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданғандар:
Жастар тәжірибесі – 1179 адам;
Әлеуметтік жұмыс орындары – 100 адам;
Күміс жас жобасы – 480 адам;
Қоғамдық жұмыстар – 2920 адам.
Өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендетудің тиімді тетіктерінің бірі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесін тұрақты өткізу болып табылады.
Алдағы уақытта «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі Қызылорда қаласының барлық тұрғындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітіруші түлектері үшін ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.