Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ: ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ: ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20.11.2025569 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, басқа өңірлерден келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері, Еркін Нұржанұлының қарындасы Күләш Нұржанқызы қатысты.

Аймақ басшысы қайраткердің Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
«Еркін Нұржанұлы – білімділігімен, халықшыл мінезімен, биік парасатымен ел дамуына зор үлесін қосқан заңғар тұлға. Ұлтымыздың талантты перзентінің есімі Сыр жұртшылығының есінде табандылығымен, адалдығымен, іскерлігімен сақталды.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысындағы МТС-тің бас агрономдығынан бастап, Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі болды. Еліміздің үш өңірін – Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарын басқарды. 1985 жылдың 22 қаңтарында Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалып, аймағымыздың өсіп-өркендеуі жолында 5 жылға жуық еңбек етті.
Сол кезең туралы терең білетін, Еркін Нұржанұлымен қызметтес болған ағаларымыз бүгінде ортамызда. Ол уақытта орталықтың шешімінсіз бірде-бір өндіріс орны іске қосылмайтын. Облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, басқа да салаларының көрсеткіштері республикалық деңгеймен салыстырғанда өте төмен еді. Осындай қиындықтарға қарамастан, Еркін Нұржанұлы аймағымыздың дамуы мен Сыр халқының жайлы тұрмысы үшін барлығын жасады. Өңіріміздегі өзекті мәселелерді талдап, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.


1985 жылы Мұнай өнеркәсібі министрлігінің «Қазақ КСР-індегі «Құмкөл» мұнай кен орнын ашуға дайындау, игеруге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру туралы» бұйрығы шықты. Еркін Нұржанұлының бастамасымен Жезқазған жеріндегі «Құмкөл» мұнай кеніші аумағы облысымызға ұзақ жылға жалға берілді. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, облыс бюджетінің өсіміне жол ашты.
«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» деген сөз бар. Еркін Нұржанұлының еселі еңбегінің арқасында 1990 жылдардың қиын кезеңінде «Құмкөл» мұнай кеніші облыс бюджетінің 70-80 пайызын қамтамасыз етіп, аймақтың дамуына серпін берді. Осы бастамасы үшін өңір халқы ағамызды үнемі еске алып, ерекше құрметтейді.
Бүгін Еркін Нұржанұлының еңбегі мен қайраткерлік тұлғасына арналған конференцияда бас қосудамыз. Халық құрметіне бөленген дара тұлғаны ұлықтауға арналған осы шараға шынайы ниетпен арнайы қатысуға келген ардақты ағаларымызға, қадірлі қонақтарымызға Сыр жұртшылығы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда мемлекет және қоғам қайраткерлері Әбдіжәлел Бәкір, Мұрат Бақтиярұлы, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Әуелбеков қоғамдық қоры филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай баяндама жасап, естелік айтты.
Конференция қатысушылары ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, аймақ басшысы Күләш Нұржанқызына Сыр жұртшылығы атынан дәстүрге сай сый-құрмет көрсетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Нұрлыбек Нәлібаев: Халық сенімі іске серпін береді

19.11.2025999 Views

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025963 Views

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025310 Views
Соңғы жаңалықтар

«ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ: ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20.11.2025

Нұрлыбек Нәлібаев: Халық сенімі іске серпін береді

19.11.2025

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.11.2025

ҚР ТЖМ: өңірлерде су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр

18.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.