Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруаларға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді
Аймақ жаңалықтары

Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруаларға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді

11.11.2025855 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Абай облысында жасанды интеллект технологияларын дамытуға, оларды түрлі салаға енгізуге және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын дамыту Жол картасына сәйкес, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қалалық процестерді автоматтандыру мақсатында барлығы 27 жоба жоспарланған, оның жетеуі іске асырылды, қалған 20 жоба іске асыру сатысында. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында осылай деді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жаңа технологияларды қолданатын бірқатар жоба әзірленуде. Аймақ басшысының айтуынша, аталған технологияларды тиімді енгізу үшін сапалы интернетпен қамту маңызды. Осы мақсатта жыл соңына дейін 10 ауыл интернет желісіне қосылады.

«Атап айтқанда, Ақсуат ауданының Үштөбе, Кіндікті, Қызылкесік ауылдары, Бесқарағай ауданының Морозов лесхозы, Башкөл, Қоянбай ауылдары, Аягөз ауданының Емелтау, Қараағаш ауылдары, Жарма ауданының Жарық және Көкпекті ауданының Биғаш ауылы. 2026 жылдан бастап облыстың 179 ауылын, 343 әлеуметтік нысанды талшықты-оптикалық желіге қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде келесі жылы ауылдардың интернетке қолжетімділігі 96%-ға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар республикалық және облыстық автожолдар бойындағы антенна діңгек құрылысы 2027 жылы толық аяқталады», – деді өңір әкімі.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға да басымдық беріліп отыр. Негізгі міндет – алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе арттырып, саладағы еңбек өнімділігін үш есе ұлғайту. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9 айда 339,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,8%. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 209,7 млрд теңгеге өндіріліп, 105% өсім қалыптасты.

Саланы мемлекеттік қолдау шаралары аясында 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұдан бөлек, «Кең Дала» бағдарламасымен облысымыздың 202 шаруасына көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген 5%-бен 9,5 млрд теңге қаражат берілді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 9 айда 101 мың тонна ет және 248,4 мың тонна сүт өндірілді. 13,5 млрд теңгеге жаңадан 446 бірлік заманауи ауыл шарушылығы техникасы алынып, техника паркін жаңарту деңгейі 5,1% жетіп отыр. Бұл көктемгі егіс егу және егін жинау кезеңіндегі еңбек өнімділігінің тиімділігін арттырды.

Егін жинау жұмыстары 782,1 мың га алаңда жүргізілді. Дәнді дақылдар алқабы 12 мың гектарға қысқарып, жоғары рентабельді майлы дақылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мың гектарға ұлғайды. Облыста 113,4 мың га суармалы жер алаңы бар. Оның 31,6 мың гектары немесе 27,8%-ы пайдаланылып отыр. Су үнемдейтін технологияларды қолданылатын алаң 22,1 мың га жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 мың га ұлғайды. Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған республикалық Кешенді жоспарына сәйкес облыста 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық құрылыс жүргізіледі, сондай-ақ, 17 ирригациялық жүйені қайта жаңартылады.

Аймақта ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылмаған жерлерді қайтару ісі жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 152,3 мың гектар болатын 428 жер учаскесі қайтарылды. Биылғы жоспар толық орындалады. Ауыл шаруашылығы айналымына қайтарылған жерлердің 67,4 мың гектары берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.