Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Б.Уәли: Аягөз қаласында жылу мәселесі толық шешілді
Аймақ жаңалықтары

Б.Уәли: Аягөз қаласында жылу мәселесі толық шешілді

11.11.2025482 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Абай облысының басты назарында инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мәселесі тұр. Ең маңызды проблемалардың бірі – халықты жылумен қамтамасыз ету. Жылыту маусымына дайындық барысында арнайы талдау жасалып, облыс аумағында жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Семей қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзін жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары атқарылды. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, Аягөз қаласында да жылу тапшылығы проблемасы болды. Екі айдың ішінде (тамыз-қыркүйек айларында) «Орталық» қазандығында әрқайсының қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш қазандық орнатылды. 3,9 шақырым жылу желілері ауыстырылып, жылу мәселесі толық шешілді.

«Курчатов қаласында, Жарма, Бородулиха, Жаңасемей аудандарында 9 жылу көзінде және 4 шақырым жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге жылу көздері көмірмен толық қамтылған, халық пен бюджеттік мекемелерге қажетті қор жеткізілген. Жалпы, жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталып, штаттық режимде өтіп жатыр», – деді Б.Уәли.

Семей қаласының оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін Президенттің жаңа жылу электр орталығын салу туралы тікелей тапсырмасы бар. Осы мақсатпен әкімдіктің, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен жобалаушының қатысуымен жедел жұмыс тобы құрылды. Қазір құрылыс алаңы мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Жылу қуаты – 1000 Гкал, электр қуаты — 360 МВт болады. Құрылыстың 1-ші кезеңін пайдалануға берудің болжамды мерзімі – 2029 жылдың 3-ші тоқсаны. Жоба аясында экологиялық тұрғыдан қолайсыз және қуаттылығы төмен қазандықтар жабылады.

Сондай-ақ өңір басшысы сумен жабдықтау мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімді ету керек. Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 16,7 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішінде арнаулы мемлекеттік қор есебінен 10,1 млрд теңге берілді. Аталған қаражатқа жыл соңына дейін 33 жоба жүзеге асырылып, ауыз сумен 38 мың адам қамтылады. Нәтижесінде облыстың сумен қамтылу деңгейі 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Су желілерінің тозуын азайту мақсатында биыл 4 жоба аяқталып, тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетіледі. Келесі жылға 24 су желілерін қайта құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025257 Views

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025181 Views

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025

1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?

29.12.2025

Көкшетаудағы заманауи аурухана бүкіл солтүстік макроөңірдің денсаулық сақтауын күшейтеді

29.12.2025

Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар

29.12.2025

Хромтауда елдегі алғашқы білім беру-өндірістік кластер іске қосылды

29.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.