Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Үкімет Президент тапсырмасы бойынша барланған жер қойнауы көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізеді
Жаңалықтар

Үкімет Президент тапсырмасы бойынша барланған жер қойнауы көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізеді

11.11.2025338 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық геологиялық қызметінің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде айқындады. Саланың дамуы еліміздің өнеркәсіптік негізін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы орайда барланған жер қойнауының көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл міндет келесі жылы орындалатын болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылды. Онда 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған платформа лицензияларды автоматты түрде беруге және міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3,5 млн-ға жуық бастапқы геологиялық ақпарат цифрландырылды. Бұрын дәстүрлі қағаз нұсқада, магниттік таспаларда және фотосурет түрінде сақталған.

Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне Қаржы, Жасанды интеллект министрліктерімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, келесі жылдың соңына дейін тарихи деректерді цифрландыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл, жалпы алғанда Қазақстан бойынша тарихи және жаңа геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді оңайлатып, инвестиция тарту, кен орындарын барлау мен игеру жобаларын жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Сонымен қатар геологиялық карталарды жаңарту мәселесіне де назар аударылды. Мамандардың айтуынша, қазіргі қолданыстағы геологиялық карталар біршама ескірген. Олар кен орындарының әлеуеті мен нақты орналасқан жерін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан геологиялық карталардың ауқымын кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет.

Сондай-ақ геологиялық барлау ісіне заманауи ғылыми әдістерді енгізуге жағдай жасаған жөн. Осы орайда елордада Геологиялық кластер құрамында заманауи зертхана құру жоспарланып отыр. Ол минералдық-геохимиялық және талдамалық зерттеулер жүргізу үшін қажет.

Өнеркәсіп министрлігі Қаржы министрлігімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, 2026 жылы аталған зертхана құрылысын бастауды қамтамасыз етуі қажет.

Мәселені талқылауды қорытындылай келе, Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

  • Өнеркәсіп министрлігіне жыл соңына дейін ел аумағының 1:50 000 масштабындағы нақты геологиялық картасын жасау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету.
  • Өнеркәсіп министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2026 жылы карталарды әзірлеудің заманауи әдістеріне көшу жобасын жүзеге асыруға кірісу. Ол үшін озық технологиялар мен пилотсыз ұшу аппараттарын барынша пайдалану қажет.
  • Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында кеңістіктік деректерді интеграциялауды қамтамасыз ету. Бұл инвесторларға жер қойнауын пайдалану саласындағы мүмкіндіктер мен шектеулерді көріп, бағалауына мүмкіндік береді.

Премьер-министр геологиялық саланы қолдау, оны қаржыландыру көлемін ұлғайту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау Үкіметтің ерекше назарында болатынын атап өтті.

Жалпы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты

11.11.2025712 Views

Абай облысында жаңа жобалар іске асырылып жатыр

11.11.2025531 Views

Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруаларға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді

11.11.2025852 Views
Соңғы жаңалықтар

Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты

11.11.2025

Абай облысында жаңа жобалар іске асырылып жатыр

11.11.2025

Абай облысында мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруаларға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді

11.11.2025

Б.Уәли: Аягөз қаласында жылу мәселесі толық шешілді

11.11.2025

Семей қаласындағы айналма жол құрылысы туралы келісім жасалды

11.11.2025

Президент жаңа елшілерді тағайындады

11.11.2025

Үкімет Президент тапсырмасы бойынша барланған жер қойнауы көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізеді

11.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.