Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды
Аймақ жаңалықтары

Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды

24.10.2025175 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды және еліміздің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматының ел дамуының жетекші орталығы ретіндегі рөлін айқындайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Әлеуметтік сала

Республика күніне дайындық аясында қалада білім беру және әлеуметтік қолдау нысандарын пайдалануға беру аяқталуда. 20 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың қатарында жаңа жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар, мамандандырылған мекемелер мен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бар. Бұл бастамалар балаларға қосымша орындар ашуға, инклюзивті орта қалыптастыруға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым және абаттандыру

Ең ауқымды бағыт – қалалық ортаны жақсартуға бағытталған 32 жоба. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы және кешенді қалалық жобалар аясында аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер салу, жаяу жүргіншілер мен демалыс аймақтарын құру, аумақты көгалдандыру, көше жарығын жаңарту және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қалалық ортаның жайлылығын арттырып, қоғамдық кеңістіктерді дамытып, тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасайды.

Өнеркәсіп және экономика

Қаланың индустриялық аймағында 9 жаңа өндіріс нысаны пайдалануға берілуде. Олардың қатарында автомобиль зауыты, шыны ыдыс шығаратын, картридж өндіретін және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Жаңа өндірістердің іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға, салық базасын кеңейтуге және Алматының экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту

Инженерлік инфрақұрылым саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылуда. Олар — су және кәріз желілерін, жылу магистралін салу және қайта жаңарту, коммуналдық жүйелерді модернизациялау. Бұл жұмыстар халыққа коммуналдық қызметтердің сенімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Аудандарды кешенді дамыту

Жобалар қаланың барлық сегіз ауданын қамтып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға бағытталған. Іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен де, сондай-ақ тұрғындардың бастамасы арқылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында да жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде халықтың өзекті сұраныстарын нақты шешуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.