Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.10.2025668 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында білім және денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге байланысты арнайы мәжіліс өтті.
Мәжілісте аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі саналатын қос сала маңыздылығына тоқталып өтті.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық көп бейінді орталық аурухананың бас дәрігері Қадырбек Алипов пен «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің директоры Ернар Ршымбетов салада атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайында хабарлама жасады.
Баяндамашылардан кейін аудан басшысы білім саласы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын, аудандағы білім сапасы мен саладағы жетістіктердің көңіл қуантатындығын жеткізді. Алайда, бұл салада күрделі мәселелердің жоқ емес екендігінде тілек тиек етті. Мәселен, білім бөлімінің басшысына бүгінде бірқатар ауылдардың мектеп директорлары қатынап жұмыс жасап жүргендігін сынға алып, 3 күн мерзім ішінде директорлардың тұрғылықты жерге көшіп баруын қатаң ескертті. Сонымен қатар аудандағы бірнеше балабақшада меңгеруші жоқ екендігін айтып, бұл мәселені де шұғыл шешуді тапсырды. Бұдан бөлек, қазіргі таңда жасөспірімдердің, оның ішінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылық оқиғалары жиі орын алуы, білім беру ұйымдарының қысқы жылу беру маусымына дайындығы, көгілдір отын жеткізілген ауылдардағы мектеп, балабақшалардың бу қазандықтарының әлі күнге дейін табиғи газға қосылмауы, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің тазалығы мен санитарлық-гигиеналық жағдайы және басқа да өзекті мәселелерге байланысты аудандық білім бөлімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжілісте Алмасбек Әбілқасымұлы аудандағы техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы 3 колледждің де жұмысына тоқталып өтіп, ондағы білім сапасына қатысты тапсырмалар берді.
Мәжілісте бұдан әрі аудандағы денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бұл бойынша аудандық аурухана мен Қазалы теміржол ауруханасының басшыларына денсаулық сақтау саласындағы барлық көрсеткіштердің 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету, кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен мекеме-кәсіпорын басшыларымен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты жұмыстарды жандандыру, медициналық мекемелердің тазалық жұмыстарына байланысты тапсырмалар берілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі мәжілісте екі салаға байланысты берілген әрбір тапсырманың жүйелі орындалуын салаға жауапты орынбасары Дәурен Тлеумбетовке қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.