Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Cыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күні кең көлемде аталып өтуде
Аймақ жаңалықтары

Cыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күні кең көлемде аталып өтуде

09.09.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – халқымыздың тағдыры мен тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған, ұлт ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.

Осыған орай, Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, онкүндік жарияланды.
Онкүндіктің әрбір күніне «Тіл болашағы – балабақшада», «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі», «Қауырсын қалам», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – ғұмыр», «Тіл туралы толғамдар», «Жастар және тіл», «Тіл және қоғам», «Мемлекеттік тіл – қоғамдық көліктерде», «Сөз маржанын терсеңіз» тақырыптары белгіленді.
Ең бастысы — Достық үйінде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онкүндіктің негізгі «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік шарасы өтті.
Шараға қала, аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындары басшылары, этномәдени бірлестік өкілдері, «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарының төрағалары, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және облыстық, аумақтық мекемелердің басшылары мен мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері келіп қатысты.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, сондай-ақ, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін паш ету мақсатында ұйымдастырылған шара театр әртістерінің сомдауымен қойылған «Ұлылар үндестігі» атты прологпен ашылды.
Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбет құттықтау сөз сөйлеп, облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен және облыс әкімінің Алғысхаттарымен марапаттады.
Сондай-ақ, жыл көлемінде халыққа мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсетіп отырған әр түрлі сала ұжымдары «Үздік қазақтілді кәсіпкерлік нысан», «Үздік қазақтілді мұнай компаниясы», «Үздік қазақтілді тасымалдау ұйымы», «Үздік этномәдени бірлестік», «Үздік қазақтілді балабақша» номинацияларымен марапаттады.
Шара барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды.
Халық пен халық, ұлт пен ұлыс бірлесе өмір сүріп отырған мемлекетте өз халқыңды, өз тіліңді сүюмен бірге өзге халықты және оның мәдениеті мен өнерін құрметтеу, тілін қастерлеу — қазіргі қоғамның басты өлшемдерінің бірі.
Осы мақсатта өткізілген салтанатты шара «Қазағым, елім!» әнімен аяқталды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.