Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Олжас Бектенов Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайымен танысып, сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
Жаңалықтар

Олжас Бектенов Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайымен танысып, сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды

01.08.20255 001 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегіш нысанын барып көрді.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы вегетация маусымында жауын-шашын тапшы болып тұр. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен Солтүстік Еуразиялық климат орталығының болжамдарында гидрологиялық құрғақшылықтың ықтималдығы жоғары. Бұл ауыл шаруашылығына қатер тудырып отыр, әсіресе Сырдария өзені бассейні бойында құрғақ ауа райы ұзақ уақыт сақталар болса, кейбір жерлерде егін қурап кетуі мүмкін.

Су беруді оңтайландыру жөніндегі ішкі шаралармен қатар, Үкімет Сырдария өзенінің жоғары жағында орналасқан көршілес мемлекеттермен Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы аясында келіссөздер жүргізуде. Қол жеткізілген келісімдер суды уақтылы алуға мүмкіндік береді.

Шардара су қоймасының жұмысымен танысу кезінде Премьер-министрге нысанның жағдайы мен оңтүстік өңірлердегі суару жұмыстары туралы баяндалды. Бұл – Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы сумен, сондай-ақ Шардара қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі су нысаны.

Олжас Бектенов суды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қадағалауды күшейту қажеттігін айтты.

«Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың негізгі секторларының бірі. Қазіргі жағдайда су ресурстарын қажетіне қарай және қатаң қадағалай отырып бөлу ерекше маңызға ие. Қадағалауды барлық деңгейде күшейтіп, су бөлуді ашық ету қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Осы тұрғыда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа көршілес елдермен су беру режимдерін келісу және туындаған мәселелерге жедел ден қою, соның ішінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру тапсырылды.

«Көксарай» су реттегіш нысанын тексеру қорытындысында Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне контрреттегіштің толық қуатында жұмыс істеуін қалпына келтіру мақсатында реконструкциялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл өзен ағынын қажетіне қарай реттеу және оңтүстік өңірлердегі шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін қажет.

Олжас Бектенов трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемінің азаюына байланысты Үкімет ішкі су қорын дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы көктемгі және еріген қар суын жинап, оны егістікке тиімді пайдалану үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Таяу уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен қамтамасыз етілетін болады. Трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты біз ішкі су қорларын барынша пайдалану үшін қосымша су қоймаларын салу жолдарын қарастыруымыз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, өңірдегі су шаруашылығы жобаларын уақтылы қаржыландыруды және жүзеге асыруды тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.