Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде
Аймақ жаңалықтары

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

25.07.20253 418 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сыр өңірінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бюджет қаражатымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, саябақтар мен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөнделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Президент және Денсаулық саябақтарының аумағы біртұтас кешен ретінде жаңғыртылуда. Аумағына халық сұранысына сай автокөлік тұрағы салынып, гүлзарлармен көмкеріледі. Көлемі 64,5 гектар болатын бұл кешенде жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, ашық сахна, спорттық алаңдар, балалар ойын аймақтары, демалыс орындары мен көлеңкелі павильондар салынуда. Бір сөзбен айтқанда қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

Қалалық мәдениет және демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа келбетке ие болды. Мұнда жаңа арка орнатылып, «Сыр батырлары» ескерткіші Тағзым алаңына ауыстырылды. Қоршаулар мен жүргіншілер жолы жаңартылып, 544 түп ағаш пен қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды. Бұдан бөлек, скейтпарк, воркаут алаңдары, балалар ойын аймақтары, фуд-корттар және ашық амфитеатр салынды.

Қала орталығындағы Қорқыт ата мемориалды аллеясын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы аумағы 38 мың шаршы метрден асатын демалыс орнындағы жасыл желек алаңы ұлғайтылып, халықтың саялы орнына айналатын болады. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қауіпсіз әрі қолайлы етіп жасалуда. Бүгінде құрылыс және абаттандыру жұмыстарының 65% аяқталған.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы бойындағы Сырдария жағалауын абаттандыру және бекіту жұмыстары да белсенді жүргізілді. Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолдың негізі жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бойындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бұған қоса, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолақты болып, ені 14 метрге дейін кеңейтілді.

Жол бойында 8 балалар ойын алаңы мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Жағалау аймағы абаттандырылып, серуендеуге қолайлы инфрақұрылым орнатылды. Әрі қарай даңғылдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2,9 шақырым жаңа жол құрылысы жүргізілуде. Бұл бағытта да өзен бойындағы қорғаныс бөгеті күшейтіледі. Төрт жолақты автожолмен қатар, ені 3 метрлік жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026585 Views

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026318 Views

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026530 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.