Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

15.07.20253 005 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңақорғандықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтап, өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына тоқталды.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», — деген болатын.
2023-2025 жылдары аймағымыздың 1 232 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерін, 18 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 121 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайыз болмақ.
Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.
Қызылорда қаласындағы теміржол асты автожолының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл қаладағы көлік қатынасының жүктемесін біршама төмендетеді.
Мамыр айында Арал қаласында 940 метрлік аспалы көпір ел игілігіне табысталды.
Жақын күндері Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дәл осындай аспалы көпір құрылысын бастаймыз.
Жаңа көпір Жаңақорғанның болашағына жол ашатын, ел игілігіне қызмет ететін алтын көпірге айналсын!
Баршаңызға амандық, жасампаз істерімізге толағай табыс тілеймін!”, — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, ел ағасы Нәжмәдин Мұсабаев құттықтау сөз сөйледі.
Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Серхожа Ыдырысов батасын берді.
Сондай-ақ, аспалы көпірді салған мердігер мекеме қызметкерлері мен ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, Жаңақорған ауданының бюджеті сонғы 2 жылда 12,7 млрд теңгеден 22 млрд теңгеге артты
Үш жылда 200 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ауыз су мәселесі толық шешілді, 4 елді мекеннің су желілері жаңартылып, аудан халқы 100% таза ауыз сумен қамтылды.
Бүгінде тұрғындардың 52%-ы «көгілдір отын» тұтынуда. Тағы 8 елді мекенді газдандыруға 7,3 млрд теңге бөлініп, жұмыс биыл аяқталады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 10 мектептің екеуі Жаңақорғанда салынды. Сонымен бірге 3 жаңа амбулатория және Төменарықта 15 орындық аурухана пайдалануға берілді. Жақында 972 млн теңгеге аудандық ауруханаға қосымша ғимарат салынып, қазан айында қолданысқа беріледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025963 Views

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025310 Views

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025714 Views
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.11.2025

ҚР ТЖМ: өңірлерде су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр

18.11.2025

Ақтөбе облысында 296,8 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

18.11.2025

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиада басталды

18.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.