Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Бидайдың болашағы бұлдыр ма?
Аймақ жаңалықтары

Бидайдың болашағы бұлдыр ма?

26.06.2025717 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Егістік алқаптарының санын қыс­қар­туға, тіпті дән себуден біржола бас тартқандардың қатары артқан. Диқан қауымы бидай дақылын себудің тиімсіз бо­лып бара жатқанының бірнеше нақты се­бебін атап, саланы дамытуға жауапты құ­зырлы министрліктер мен жергілікті ат­қарушы органдар іске салғырт қарауды до­ғармаса, алдағы бірнеше жылда еліміз кә­дімгі бидайдың өзін шетелден импортқа та­сымалдауы да мүмкін екенін жеткізді.

Иә, құзыр­лы органдар мен диқандар­дың келтірген дәйек­ті деректері осыған сая­ды. Диқан қауы­мының айтуынша, би­дайдан түсетін та­быс көлемі жылдан-жыл­ға азайып бара­ды. Көктемгі егу жұмыс­тары­нан бастап күз­гі жиын-терімге дейін шаш етектен шы­ғынға бататын шаруалар алған қарыз­дары мен несиелерін де жаба алмай құра­ла­қан қалатынын, бастан асқан аса көп мә­­­­селемен тек өздері  бетпе-бет қал­ғанын ай­тып шырылдайды. Солардың бірі Ақмола облысы Ат­ба­сар ауданына қарас­ты Есенгелді ауы­лын­дағы диқан Нұр­бай Жүсіпов егін егудің тек шы­ғынға толы болғанынан қарыздан көз ашпай жат­­қанын ашық айтты.

– Біз сияқты қарапайым диқандар үл­кен қиындықты бастан кешіп жүр. Міне, бір­неше жыл бойы қарыздың үстіне қа­рыз­ға кіріп, еккен егінімізбен оны мүлде ақ­тай алмай жүрміз. Жеңілдетілген несие деген аты­­мен жоқ. Маңай­лай алмайсың. Қазіргі жағ­дайымыз аса қиын. Жері үл­кен ірі шаруалар болмаса, 300-400 гек­тарды місе тұт­қан біз сияқты ұсақ шаруа­лар­дың күні қараң болып бара­ды. Жаңа ли­зингке тех­ника алу да қиын. Би­дайдың ба­ғасы аса тө­мен болды. Жергі­лік­ті әкім­дік­тен де, банк­­тер­ден де еш қайыр болмай тұр. Біз қи­нал­ған үстіне қиналып кет­тік. Бұлай бола бер­се, еліміз шы­нымен нан­сыз қала ма де­ген қаупім де бар. Түйт­кіл­ді мәселені рет­теуде жергілікті би­лік ор­гандары арала­сып, шаруаларды қи­най­тын қандай мәсе­ле­лер бар екенін анық­тап, бір­лесе шешу жол­дарын қарас­тырса ғой. Ол жоқ. Көп­шілігі жабылып та­рап кетіп жатыр. Жағдай аса қиын, – дейді диқан Нұрбай Жүсіпов.

Жылдан-жылға бидай ал­қап­­тары­ның азайып бара жат­қанын Ауыл шаруашылығы министр­лі­гі де растап бер­ді. Табыс көлемінің тө­мен­­деуіне байла­ныс­ты астықты аймақ­тар­дағы шаруалар мен фермерлер кәсібін тас­тап, басқа сала­ны таңдауды ұйғарған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми  де­ректеріне сенсек, биыл елімізде жалпы ау­мағы 23,7 миллион гек­тар алқапқа егін егіл­ген. Оның ішінде үле­сі басым бидайға бө­лін­ген жер көлемі жыл­дағыдан біршама төмендеген. Биыл не­­бәрі 13 миллион гек­тарға ғана би­дай се­біліпті.

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр елі­мізде 16,6 миллион гектар бидай егіл­ген. Алайда мұның өзі 2023 жылға қара­ған­да 5,1 пайызға қысқарған болып шық­ты. Яғни, статистикалық деректердің өзі би­дай егуден мүл­дем бас тартқан диқан­дар­дың кө­бейіп бара жатқанын айғақ­тай түседі.

Мұндай қарқын жалғаса берсе, ал­дағы бірнеше жылда елде шынымен де нан илеу үшін бидайды шетелдерден им­портқа ала­тын күйге түсуіміз әбден мүм­кін. Дегенмен Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі бидай алқаптарын азайту жос­пар­лы түрде жүзеге асып жатқанын, тіпті алдағы жылдары би­дай егілетін жердің одан әрі азаятынын ха­­­бар­лады.

– Биыл да егістік алқаптардың құры­лы­мын әртараптандыруға ерекше назар ау­дарылды. Бұл ретте егін айналымының ғы­лыми негізделген нормалары, кли­мат­тық тәуекелдерге төзімділік және нарық­тық үрдістер ескерілді. Нәтижесінде, өнім­ділігі жоғары және сұранысқа ие дақылдардың егіс көлемі ұлғайды: майлы дақылдар  3,4 мил­лион гектарға көбейді. Бұл былтырғы жыл­мен салыстырғанда 0,5 млн гектарға ар­тық. Малдың жемазықтық дақылдары – 3,3 млн гектарға, яғни 114 мың гектарға арт­ты. Дәндік жүгері – 167,5 мың гектарға, кө­көніс-бақша дақылдары  222,3 мың гек­тарға егілді, – деді Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі өкілдері.

Министрліктің мәліметінше, тіпті би­дай дақылдарын азайту еліміздегі аграрлық ке­шендердің жұмысын жандандырып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік бе­реді-мыс. Мұны Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Айдарбек Сапаров та айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырма­сы­на сәйкес, ауыл шаруашылығы дақыл­дарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Осының нәтиже­сін­де соңғы 2 жыл ішінде бидай алқабы 750 мың гектарға, биыл 187 мың гектарға қыс­қарды. Ал мал азығы мен майлы да­қыл­дар алқабы күрт ұлғайып, 3,3 миллион гектарға жетті. Күнбағыс алқабы алғаш рет рекордтық 1,4 млн гектарды құрағалы тұр. Дәнді және бұршақ дақылдары 16,6 млн гектарға егілді, – дейді Ауыл шаруашылығы министрі.

Дегенмен саланың жілігін шағып, майын ішкен сарапшы мамандар би­дай алқаптарының жылдан-жылға азаюы жергілікті диірмендердің де жағ­дайын шатқаяқтап жібере ме деп қорқады. Өйт­кені негізінен бидайы өте сапалы те­ріс­­кей мен Шығыс Қазақстан об­лысының ди­қандары егін егуден жаппай бас тарта бас­таған. Жері құнарлы, жауын-ша­шын кө­лемі мол бұл аймақтарда би­дайды өсіру­ге климаттық жағдай аса қо­лайлы бол­ға­ны­мен, диқан қауым шы­ғынға белшесінен батқандықтан, бидай­дың көлемін азайтуға іс жүзінде мәжбүр болып жатқанын ашық айтып отыр.

Ресми келтірілген деректерге жүгін­сек, теріскей облыстар мен Шығыс Қазақстан аймақтарында бидай себілетін жер көлемі бірден 25 пайызға дейін азайып кет­кен. Оның орнына табыс көлемі молдау болатын күнбағыс, рапс, зығыр мен жасы­мық егілетін алқаптарға басымдық бері­ліп­ті.

Мамандар елімізде бидай «басты да­қыл» мәртебесінен 2021-2023 жылдардан бері айырыла бастағанын алға тартады. Оған себеп бидайға берілетін субсидия көлемінің тым төмендеп кетуі болса керек. Шарасыз күйде қалған шаруалар ақыры басқа да­қыл­ға көше бастаған секілді.

Тағы да сол ресми деректерге жүгінсек, ел­де мемлекеттік қолдауымен май дақы­лын өңдеуші зауыттардың дәурені жүріп тұр­ғаны байқалады. Статистикасын қара­сақ, жыл сайын майлы дақылдардың өнім кө­лемі 1 миллион тоннаға жоғарылап ба­ра­ды. Биыл тіпті 5 миллион тоннаға жетіп жы­ғылған. Зауыт біткен шаруасын дөң­ге­лету үшін майлы дақылдар егетін шаруа­лар­ды «шаммен іздеп» басқалардан бұрын өні­мін өзі келіп алып кетуге әзір. Өйткені ши­кізат аса жоғары сұранысқа ие. Осыдан кейін бағаның да аспандауына әкелген. Мә­селен, күнбағыс тоннасының құны был­тыр 130 мың теңгенің айналасында бол­са, биыл бірден 230 мың теңгеге бір-ақ се­кірген. Салыстырмалы түрде айтар бол­сақ, былтыр жыл соңына қарай бидайдың құны 90-95 мың теңгеге дейін түскені көп­тің есінде шығар. Қазірдің өзінде бағаның 100 мың теңгенің ол жақ-бұл жағында еке­ні ақиқат.

Қысқасы, бұлай жалғаса берсе, дастар­қан­ның сәні болар нанның өзі жеңсік асқа ай­налуы мүмкін.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Сот алқасы Спорт және туризм министрлігін кінәлі деп тапты

26.06.2025174 Views

2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарда бар

26.06.2025329 Views

Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздері секторында 9 жоба іске қосылмақ

26.06.2025633 Views
Соңғы жаңалықтар

Сот алқасы Спорт және туризм министрлігін кінәлі деп тапты

26.06.2025

Бидайдың болашағы бұлдыр ма?

26.06.2025

2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарда бар

26.06.2025

Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздері секторында 9 жоба іске қосылмақ

26.06.2025

Түркістан облысында жел және күн электр станцияларын салу жоспарлануда

26.06.2025

Қазақстан 9 жобаны іске қосып, бизнеске шығындардың 40%-на дейін өтейді

26.06.2025

СЫР ЕЛІНДЕ «ТАҒЗЫМ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

26.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.