Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

25.06.2025839 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында форум өтті. Форумға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жауапты сала басшылары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының мамандары, зиялы қауым, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы қоғамдағы күрделі мәселелерді талқылап, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындау мақсатында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Цифрлық шешімдер жылдам дамыған уақытта азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың, қаржылық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы артты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», — деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.
Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде Мемлекет басшымыздың «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алдық. Жаңа бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеміз.
Заманауи мүмкіндіктерді өз пайдасына асырған алаяқтар жасаған қылмыстар азаматтардың лайықты өмір сүруіне теріс әсер етуде. Түрлі гаджет мен смартфондағы бағдарламалардың көмегімен жасалатын алаяқтық, кибершабуылдар схемасы сәт сайын өзгеріп, қадамдары жаңарып барады. Халықтың қаржылық қауіпсіздігі үшін қаржылық пирамидалар, құмар ойындарға тәуелділік, интернет-алаяқтық, дропперлік қылмыстардың алдын алуда уақытылы, тиісті шешімдер қабылдаудың маңыздылығы артты. Бір қарағанда жеке адамның мәселесі секілді көрінуі мүмкін. Бұл — тұтас қоғамға, әрбір отбасыға, ұрпағымыздың болашағына әсер ететін қауіп-қатер.
Біз ашықтық қағидатына сәйкес, қала, аудандарда халықтың өзекті мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп келеміз. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әділетті қоғам құруға оң ықпал етті. Елімізде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі заң қабылданып, кешенді шараларға жол ашылды. Бұл кеселмен халық, әлеумет болып күресуіміз керек. Лудомания дертіне шалдыққан адаммен психологтар, дін мамандары жұмыс істеп, жеңіл жолмен келген ақша пайда әкелмейтінін, тек адал еңбекпен тапқан табыстың ғана берекесі болатынын ұғындыруымыз қажет.
Бүгінгі форумда ұсынылған тың идеялар мен жаңа бастамалар жүйелі іске ұласып, нақты нәтижелерге бастайды деп сенемін. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!», — деді Н. Нәлібаев.
Басқосуда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары
Руслан Сатыбалдиев, дінтанушы Нұрлан Асанов, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес баяндама жасап, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды. Қоғам дертіне айналған құмар ойынға әуестіктің қауіпті екенін айтты.
Іс-шарада облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы пирамидалары мен лудоманияға қарсы күрестің алдын алу бағытында белсенді әрі нәтижелі еңбек еткен азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ҰЛТТЫҚ МЕДИА — ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ»

25.06.2025719 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

25.06.2025310 Views

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025638 Views
Соңғы жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ МЕДИА — ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ»

25.06.2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

25.06.2025

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

25.06.2025

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.