Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті
Жаңалықтар

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025110 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Кездесу барысында тараптар көлік инфрақұрылымы, «жасыл» энергетика, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар секілді маңызды салалардағы әріптестік мәселелерін талқылады.

Олжас Бектенов ЕҚДБ-ның Қазақстан экономикасын дамытуға қосып жатқан үлесіне жоғары баға беріп, 2023 жылы екіжақты ынтымақтастық аясында жалпы құны $935 млн болатын 25 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономиканы дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға белсенді қатысатын Еуропалық қайта құру және даму банкінің рөліне ерекше назар аударуда. Біз сіздермен көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастықтамыз және өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз. Біздің назарымыз сапалы өсуді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды трансформациялауға бағытталған. Өткен жылдың өзінде біз Сіздермен келешегі зор салаларда рекордтық сомасы $935 млн болатын 25 жаңа жобаға қол қойдық. Қазақстан Үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымы бойынша әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдіреді», деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, өткен жылы ЕҚДБ Қазақстан экономикасына жылдық инвестиция көлемін 3 еседен астамға ұлғайтқан. Сонымен қатар тараптар 25 жобаға, оның ішінде Ақтөбеде жаңа тазарту құрылыстары мен ілеспе инфрақұрылым салу, Көкшетауда 630 төсек-орындық көпсалалы аурухана салу жөніндегі алғашқы ірі МЖӘ жобасы және басқа жобаларға қол қойған.

«Отандық қаржы институттары арқылы несие желілеріне кеңес беру және ұсыну арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылды. Жалпы алғанда, ағымдағы портфелде құны $3,2 млрд-тан асатын 129 белсенді жоба бар, оның 75%-ы орнықты инфрақұрылым секторына тиесілі. Бірлескен жұмыс кезеңінде пул $11,6 млрд сомасына 340 жобаны құрады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар кездесуде электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және елорданың электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қосалқы станса салу жобасы қаралды. Сондай-ақ, әділ энергетикалық ауысу (Just Energy Transition Partnership) бойынша Қазақстанда елдік платформасын бірлесіп әзірлеуге назар аударылды. JETP платформасы энергетика саласына «жасыл»  инвестицияларды тартудың маңызды құралы болады.

ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо өткен жылы инвестиция көлемінің рекордтық өскенін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және орнықты экономика саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті. ЕҚДБ 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында ұзындығы 136 км «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолын реконструкциялау бойынша қаржыландыру келісіміне қол қойылды. Бұл жол бөлігі алдағы уақытта 4 жолақты қозғалысы бар 1-санатты трассаға айналады, жалпы ұзындығы – 234 км. Жоба транзиттік әлеуетті арттыру мен көлік логистикасын дамытуға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026

Жұманғарин тағы да жазба жариялады

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.