Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВҚА «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

БОЛАТБЕК ҚУАНДЫҚОВҚА «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

08.06.2025636 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жиын өтіп, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Сыр өңірінің перзенті, жерлесіміз, 2008-2013 жылдары Қызылорда облысының әкімі қызметін абыроймен атқарған Болатбек Баянұлы Қуандықовқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, Болатбек Баянұлының әріптестері қатысты.
Аймақ басшысы Болатбек Қуандықовтың Сыр елінің дамуына мол үлес қосқанын атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді.
«Біз адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырдық.
Құрметті Болатбек Баянұлы, туған жерге қош келдіңіз!
Сіз Сыр өңірін басқарған кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асты. Болатбек Баянұлы аймақтың өзекті мәселелерін батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қордаланған проблемаларын шешуге, инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңартуға ықпал етті. 100-ден астам білім беру, 60-тан астам денсаулық сақтау мекемесі бой көтерді. Облыс орталығы Қызылорда қаласын газдандыру жобасы толығымен аяқталды. 1000 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден өтті. 2010 жылы 11,2 млн тонна мұнай өндіріліп, өңір тарихындағы «қара алтын» өндірісінің шарықтау шегі ретінде есте қалды. «Ғасырдың ғаламат жобасы» атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының 1-кезеңі жүзеге асты.
Құрметті Болатбек Баянұлы, өзіңізбен қызметтес болған кезеңде аймағымыздың өсіп-өркендеуі жолында қоян-қолтық жұмыс жасап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бірге үлес қостық.
Халқымыз сіздің елеулі еңбегіңіз бен табысты жұмысыңызды жақсы біледі, ерекше құрметтейді. Өзіңіздің өрелі істеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала береді! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!», — деді Н.Нәлібаев.
Кездесуде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Бақберген Досманбетов, қоғам қайраткерлері Дайрабай Ысқақов, Нажмадин Мұсабаев, Рзақұл Нұртаев, Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев, мәдениет саласының ардагері Алма Бақтиярова Болатбек Қуандықовқа құттықтауларын жеткізді.
Болатбек Баянұлы көрсетілген құрметке ризашылығын, туған жердің қарыштай беруіне тілектестігін білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.