Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі басталды
Аймақ жаңалықтары

Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі басталды

16.05.2025256 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті. Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Аманөткел ауылы маңында гидроторап салу қарастырылған.

Нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдынының ауданы 3913 шаршы шақырымға дейін ұлғайып, су көлемі 34 текше шақырымға жетеді. Теңіздің бұл деңгейге дейін толуы үшін 4-5 жыл қажет.

Теңізді сақтаудың бұл нұсқасы 1913 жылдан 2019 жылға дейінгі Сырдария өзені бассейніндегі судың орташа көпжылдық ағынын талдау мен бағалау нәтижелері, сондай-ақ су қоймаларының физикалық сипаттамалары негізінде таңдалған.

Самех Вахба Дүниежүзілік банк Солтүстік Аралдың сақталуына алдағы уақытта да қатысуға мүдделі екенін жеткізді. Халықаралық қаржы ұйымы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге грант бөлген.

«Бүгін біз балық өңдеу зауытын аралап, жобаны жүзеге асырғаннан кейін өңірде қаншама жұмыс орны ашылатынын өз көзімізбен көрдік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және туризм сияқты басқа салаларда да жұмыспен қамту мүмкіндіктері пайда болады. Осылайша бұл жоба бүкіл өңір үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Солтүстік Аралды сақтау жобасы біз үшін өте маңызды, өйткені ол бүкіл әлемге тұтас бір экожүйені қалпына келтірудің нақты үлгісін көрсетеді, – деді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахба.

Министрлік әзірлеген техникалық-экономикалық негіздеме бойынша сараптама қорытындысын алу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Солтүстік Аралды сақтау жобасы теңіздегі су көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, Арал теңізі табанынан тұз шөгінділерінің жел арқылы таралуын азайтуға, Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарын басқаруды жетілдіруге, Қызылорда облысындағы балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жобаның бірінші кезеңінің нәтижесінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 42%-ға артты, теңіз суының тұздылығы шамамен 4 есеге төмендеді, жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ теңіздің құрғаған табанының 870 шаршы шақырымы суға толып, жел арқылы тұздардың таралуы азайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025417 Views

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025555 Views

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025861 Views
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.2025

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

04.07.2025

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

04.07.2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

04.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.