Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

09.05.2025112 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қызылордадағы «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев және құқық қорғау органдарының басшылары, облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери шеруде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз», – деп, 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетінін атап өтті. Осы орайда, ерекше атап өту қажет, оның 146-сы – облысымыздың ардагерлері. Жыл аяғына дейін қаһармандардың есімдері көшелерге беріледі.Сұрапыл соғыс жеңімпаздарының ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз. Жеңіс күні арыстарымызды еске алып, арамыздағы ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсету – елдік парызымыз. Арын – байрақ, намысын – найза еткен ерлеріміздің қаһармандығы аңызға айналуда. Бүгінгідей Тәуелсіз ел атанып, еңсеміздің биік болуы, өркендеп-өрістеуіміз де – осы Ұлы Жеңістің жемісі. Аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз.
Батыр бабаларымыз қол жеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгі сақталады! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!» – деді аймақ басшысы.
Салтанатты шарада сұрапыл соғыс жылдары ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жеңіс туы желбірегелі 80 жыл өтсе де, қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгіге бейбіт өмір сыйлаған боздақтардың, хабар-ошарсыз кеткендердің, елге оралған соң еңбек майданында шыңдалған ардагерлердің ерлігі ұмытылмайды.
Рәсімде Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі. Қоғам қайраткерлері Нажмадин Түркпенұлы, Айтбай Көшербайұлы игі тілегін айтып, батасын берді.
Сонымен қатар, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан тыл ардагерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.