Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

09.05.2025203 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қызылорда қаласында «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» — деген болатын. Еліміздің болашағы — жастарымызға сапалы білім, саналы тәрбие беруде жүйелі жұмыс атқарылуда.
Аймағымызда соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 304 млрд. 600 млн. теңге болып, 32 пайызға артты. Бұл — жалпы облыс бюджетінің 43 пайызы. Біздің ең бірінші міндетіміз — балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. 2023 жылы Қызылорда қаласындағы 4 мектепке 1 850 орындық қосымша құрылыс салу есебінен үш ауысымдық оқу мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Жаңа нысандардың ашылуы – бұл жәй ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде бәсекеге қабілетті ұландарымызға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Егемен елімізді өркендетудегі, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі бастамаларымыз табысты болсын! Ел іргесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі. Ғимаратты салған «BI Global» ЖШС құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.
Айта кету керек, өткен жылы өңірде білім беру инфрақұрылымын дамытуда 13 ғимарат пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектептің құрылысы жоспарланып, бүгінде 3 мың орындық 6 мектеп ашылды. Қалған 4-еуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, физика-математика мектеп-интернаты және «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Соңғы үш жылда 3 оқушылар сарайы мен 2 өнер мектебі іске қосылды. Бүгінде Шиелі ауданында 200 орындық оқушылар сарайы мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025285 Views

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.20251 253 Views

Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген

29.05.2025413 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025

Кремль: Германия Украинадағы соғысты одан әрі ушықтырып жатыр

29.05.2025

Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады

29.05.2025

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.2025

Илон Маск Трамптың кеңесшісі және DOGE басшысы қызметінен кетті

29.05.2025

Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген

29.05.2025

Астаналық тұрғын парадты көруге тыйым салған Қорғаныс министрлігін сотқа берді

29.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.