Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанның Сауда министрлігі Трамптың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Қазақстанның Сауда министрлігі Трамптың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады

03.04.2025868 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден, соның ішінде Қазақстаннан да импортқа баж салығын енгізу туралы шешіміне пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«АҚШ тарапынан қабылданған жаңа сауда шараларын алдын ала талдау нәтижесінде Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауардың елеулі бөлігіне қосымша тарифтердің әсері болмайтыны анықталды. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекшеліктер тізіміне енгізілген», — деп жазылған хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ доллары болады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4%-ға артық (4,1 млрд АҚШ доллары). Қазақстанның АҚШ-қа экспорт көлемі 2024 жылы 30,6%-ға артып, 2,0 млрд АҚШ доллары болған. АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болды.

Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын негізгі тауарлар — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да тауарлар. Министрлік мәліметінше, бұл өнімдер АҚШ президентінің «Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы» жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарлардың 92%-ы болады.

«Қосымша баждар белгілі бір тауар түрлеріне енгізіледі. Бұл санаттағы тауарлардың экспорт көлемі былтыр 95,2 млн АҚШ доллары болды. Олардың ішінде фосфор (2024 жылы экспорт көлемі 15,9 млн АҚШ доллары), ферросилиций (12,7 млн АҚШ доллары), линзалар (4,1 млн АҚШ доллары), бидай клейковинасы (4 млн АҚШ доллары), аммоний нитраты (2,4 млн АҚШ доллары) бар. Қабылданған шаралар Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының тек 4,8%-ына әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстан 10 жыл бойы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшесі екені және сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда ұйымның принциптерін қатаң ұстанатыны айтылды.

«АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық аясында Қазақстан халықаралық міндеттемелерге сәйкес саудада теңдікті қамтамасыз етеді», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады.

Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 34 пайыз, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады. Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген.

Тізімде Ресей туралы айтылмаған. Сондай-ақ, тізімде Мексика, Иран, Канада және Беларусь жоқ. Дегенмен Вашингтон Украинадан келетін тауарларға 10 пайыз көлемінде сауда бажын енгізу туралы шешім қабылдаған.

Посткеңестік кеңістіктегі көптеген ел үшін, соның ішінде Молдова (31 пайыз) мен Қазақстаннан басқа елдерге 10 пайыз енгізілген. Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстанда 10 пайыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.