Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

03.03.2025646 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, саяси партиялардың облыстық филиал төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение 2 человека
Шара Мемлекеттік Гимнмен басталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары ел Президентінің құттықтауын оқыды, барша қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.
-1 наурыз — елімізде тыныштық, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күні. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық тарихында береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді. Қызылорда облысында 30-дан астам этнос өкілдері өсіп-өніп, Сыр өңірінің дамуына үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы 130-дан астам этнос өкілін біріктіріп, жалпыұлттық келісімнің негізін қалады- деді Д.Жаналинов.
Іс-шарада облыстық Ассамблея ардагері Асылбек Жұмабаев және “Ассамблея жастары” ұйымының белсенді мүшесі Бахар Милиярова сөз сөйледі.
Еліміздегі барлық этнос өкілдерінің арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту, мәдени алмасуды қолдау, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу аса маңызды. Осы ретте Ассамблея мүшелері өз тәжірибелерін бөлісіп, елдің бірлігін сақтап, оны нығайтуға атсалысуда.
Атаулы күні бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. ҚХА белсенділері және жұмысшы мамандық иелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар

02.07.2025164 Views

Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді

02.07.2025418 Views

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар

02.07.2025

Қытайдағы су тасқынынан 9 адам қаза тапты

02.07.2025

Түркістанда 400 доза синтетикалық есірткі тәркіленді

02.07.2025

Жапонияда екі аптада 865 жер сілкінісі тіркелді

02.07.2025

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

02.07.2025

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.