Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»БАХЫТ ЖАХАНОВ: САПАЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТАТЫН БОЛАДЫ
Аймақ жаңалықтары

БАХЫТ ЖАХАНОВ: САПАЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТАТЫН БОЛАДЫ

25.02.2025358 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облысы аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы — 3445 шақырым. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. 2024 жылы 95 жобаға 300 км аса құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, нәтижесінде сапалы жолдардың үлесі 92 пайызды құрады. Қаланың күре жолы саналатын әуежайға кірме жолы мен Көшербаев, Қожа Ахмет Яссауи, Жаппасбай батыр көшелеріне кеңейту жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы жоспар Тәуелсіздікке 25 жыл көшесін кеңейту жұмыстарын аяқтап, және Әбілхайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін Сырдария бөгеті бойымен жол салу. Қала көшелерінің жай-күйін және атқарылатын өзге де жұмыстардың легін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов мәлімдеді.
— Қала тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелердің бірі темір жол өткелдерін салу болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында 2024 жылы Қызылорда қаласында жер асты және Арал мен Жаңақорған аудандарында аспалы темір жол өткелдерінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» күре жолы біраз жылдардан бері күрмеуі шешілмей келген, халықтың арасында біраз талқыға салынған мәселелердің бірі болды. Осы орайда аймақ басшысының тікелей қадағалауымен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы қанағаттанарлық. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр. Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде. Биылғы жылдың және бір жаңалығы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті. Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» жеке қорының демеушілігімен салынды. Темір жол көлігі саласы бойынша айта кетсем. 2024 жылы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының жаңа вагондарының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы бағытта 44 вагон сатып алынды,- деді Бахыт Дүйсенұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026530 Views

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.20261 026 Views

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026336 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026

Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

30.01.2026

Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.