Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19.02.2025452 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы таныстырылды. Осыған дейін департамент басшысы қызметін атқарып келген Жаңабергенова Динара Олжабайқызы ротация тәртібімен Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметіне ауысты.
Возможно, это изображение 6 человек, отдел новостей и текст
Облыс әкімі Гүлмира Сыздықованың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.
«Жаңа басшыға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, жұқпалы аурулардың эпидахуалын тұрақты ұстауды, талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, топтық уланудың алдын алу үшін өнімдер қауіпсіздігі мен ауыз су сапасын, білім беру, тәрбиелеу орындарындағы, әсіресе мектеп асханаларындағы гигиеналық, санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды жүктеймін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда медициналық училищесінде
«Емдеу ісі», Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Медико- профилактикалық іс», «Тұран» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1987 Қызылорда теміржол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының маманы ретінде бастаған. 1995-1998 жылдары Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер, 1999-2023 жылдары Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2023 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметінде болған.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025121 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП, 40 ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

22.12.2025175 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 48,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

22.12.2025259 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП, 40 ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 48,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

22.12.2025

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 95 ПАЙЫЗ

22.12.2025

СЫР ӨҢІРІ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНДЫ

22.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.