Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

14.02.2025262 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды.
Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, аймақтағы су шаруашылығының жағдайын, су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
«Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 650 текше метр су жіберілсе, оның 150 текше метрін Көксарай су реттегіші алады. Облыс аумағына секундына 469 текше метр су келіп түсуде (12.02.2024 жылы секундына 242 текше метр).
«2024-2025 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзенінен үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу жоспары» бекітілді. Су деңгейін төмендету үшін магистральды каналдар мен көлдердің су алу кестесі әзірленді. Мұздан тазарған соң секундына 1 000 текше метрге дейін су қабылдауға болады.
Су басу қаупі бар 29 аймаққа арнайы техника, күш-құралдары жеткілікті 135 жауапты мекеме бекітілді. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы қолданылатын 129,7 тонна жанармай, 95 110 дана қап және басқа да материалдар қоры толық жасақталған. 61 эвакуациялық жинақтау және 71 қабылдау пункті бар. Облыс аумағындағы су шаруашылығының жағдайы тұрақты бақылауда, қауіп жоқ», – деді Н. Нәлібаев.
Айта кету керек, тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы 10 бекет мен 4 тораптағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.
Возможно, это изображение карта, телевизор и текст «ПРомЕРзаНИЕ ПОЧВЫ 5 ФЕВРАЛЯ 2025 ГОДА ,ППотропавлск г.Костанаь grOpan Kenweray ZAKTOBE Даипелар ГАстана Атыра ,АКадаелнды! Жезказган FOCKOMUN rAKtay TKL ныпорла Туркоч TaH рымКоНу Аапдыкорган Конаев ,Тарз Апматы Максимальное промерзание отмечается северо- запале. центре Костанайской 139c (20242 147 Актюбинской 107CM 123CM ВПавлодарской O 131 до 31 1CM 2024 (2024 200 do 190 200 199 CM). Карагандинскои до 110 Акмолинской областях 121 2024 200 do еро+ Промерзание почвы, CM Промерзаниянет et -100 100 -25 150»
Арнайы мамандандырылған мекемемен мұз жару бойынша да келісім-шарт жасалды.
Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, бюджеттен тыс көздер есебінен 20 нысанда да осындай жұмыстар атқарылды.
Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыс бар, коммуналдық меншіктегі 3 су қоймасына тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы рәсімделді. Биылғы күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.