Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ТҮНЕУДІҢ ТІЛЕУГЕ АЙНАЛУЫ
Жаңалықтар

ТҮНЕУДІҢ ТІЛЕУГЕ АЙНАЛУЫ

27.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Біз қашанда әруақ сыйлап құрмет тұтқан халықпыз. Тіпті діни мәдениетте былай тұрсын, салттық той-думандарда ата-баба әруағын еске алып, сөз арасында қосуды әдетке айналдырдық. Мысалы беташар рәсімінде алғаш келіннің сәлем салуын әруақтарға арнаймыз . Бұл біздің дініміз бен салтымыздың сабақтасып сара жолға түскеннің көрінісі. Кісі өмірден өткен соң артынан жасалынатын діни жоралғылар бар. Оң жағына жатқызып, жуындырып кебіндеп жаназасын оқып арулап көмеді. Кейін басына көк тас қойып бейіт тұрғызу мүмін мұсылманның парызы болған. Енді бейіт адамның атақ-абыройына сай, жүріп өткен рухани жолына тұрғызылатын болды. Ханның шыңғыс әулеті болса Түркістан аумағына жерленді, ахун ишан болса кесене тұрғызып күмбездеді. Кесенені кез келген адамға тұрғызбаған әулие ишан басына тұрғызған .
Қабір басына барып Құран бағыштау ұрпақтары үшін міндетті болды. Әуелі қазақ мәдениетінде қабір салудың мәні мен мақсатын атап өтейік :
Біріншіден, қабір – мәдени-ғұрыптық рәсімдер мен жоралғылар жүргізетін орын. Бұл жердегі басты мақсаттың бірі қайтыс болған адамның жатқан жерін ұрпақтары ұмытпай, зиярат етіп тұруын көздеген. Бұл өлген адамның денесі де рухы да Ислам дінін ұстанған адам үшін құрметті болуынан туындайды. Қабірді зиярат ету ханафи мәзһабы бойынша мұстахаб іс. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) қабірлерді зиярат еткен және біздерге зиярат етуді өсиет еткен. Әнәс ибн Мәликтен (Алла ол кісіге разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Мен бұрын сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім, енді оны зиярат етіңдер. Өйткені ол жүректі жұмсартады, көзден жас шығарады, ақыретті еске салады», – деп айтқан (имам Мүслим).
Екіншіден, терроториялық анықтау. Қабірдің үстіндегі діни-мемориалдық құрылыстар: мазарлар мен сағана тамдар және әртүрлі көлемдегі қабіртастар – құлпытастар, тас қоршаулар сияқты белгілердің жоғарыда айтылған ғұрыптық және символикалық мәнімен қатар, төмендегідей практикалық қыры да болды. Көшпелі қазақ қоғамында жаз жайлау мен қыс қыстаудың қолайлы аймақта болуын бақ-берекеге теңеген және мұндай шұрайлы жерлер атадан балаға мирас болып қалдырылып отырған. Қазақы ортада осындай жерлерге қатысты ру арасында болып тұратын жер дауы мәселесінде, айыптаушы жақ жердің өзіне тиесілі екендігін сол жерлерде жерленген ата-баба қабірімен айғақтаған.
Үшіншіден, қабір жол көрсетуші топографиялық белгі қызметін атқарған. Сол үшін қабірлерді су жиналмайтын биік жерлерге салып, әулие ишандарға салынған күмбезді кесенелерді биік етіп, алыстан шағылысып көрінуі үшін айна бөліктерін жабыстырған. Көшпенді өмір сүру салтын ұстанған орта Азия халқы сапардан шаршағанда төбесінен жауын-шашын өтпейтін әулие басындағы күмбез бейіттерге түнеген. Яғни қонақ үй қызметін атқарды. Сол үшін қазіргі таңда қорым басынан орамалға буылған тиын, күлше т.б заттардың қалдырғанын әлі күнге көруге болады. Расында діни сана үшін жолаушы яғни мүсәпірдің дұғасы қабыл дейміз. Сол үшін дамылдап қонуға тоқтаған жанға ақша мен нан берген адам үлкен сауапқа кенелері анық. Деректерге сүйенсек Имам Бухари сынды хадис ғұламасы болған әулие өмірден өткен соң қабірінің басынан 40 күн бойы әтірдің иісі шығып тұрған деседі. Керісінше қоғамға зиян келтірген қарақшы күнахарлардың қабірінің басында жылан, шаяндар қаптап кетіпті деп естіп жатамыз. Логикаға салсақ есі дұрыс адам әулие-әмбиелердің басына баруды жөн көретіні анық. Сол үшін тегі түркі мұсылман жұрты төбесін жауын-шашын өтпейтіндей күмбез қылып, өткен кеткен адамға пайдасы тисін деп жолдың биік тұсына кесенелер тұрғызғанын осыдан білуге болады.
Енді түнеудің мәні қаншалықты өзгергенін біліп отырмыз. Қазіргі заманда қабір басына түнеудің мағынасы өзгеріп тілеу жағына қарай ауысқаны белгілі. Рухани құлдырауға ұшыраған, өмірден қиыншылыққа ұшыраған адам қабір басына қонсақ және тілесек дегенімізге жетеміз деп ойлайды. Бір жақты ғана түсінсек қателесеріміз анық. Қабір және қараңғылық екеуі егіз ұғым. Адамға қорқыныш беретін нәрсе. Қорыққан адам ең бірінші өзіне өте маңызды нәрсесін көксейді. Дініміз бізге ылғи өлуге емес өлімнен кейінгі өмірге дайын болуды бұйырады. Қабір басына барған адам ең бірінші сол жерде жатқан адамға Құран оқып дұға қылады. Өмірден өткен ізгі әулие кісіні Алла мен екі ортасына себеп ете отыра Алладан керегін сұрайды. Ескерте кетейік қабір басына барып, құлып тасын, кесегін сипап оны бірнеше рет айналып, атынан бір нәрсені сұрауымыз дінде қатаң қайтарылған.
Сол үшін дінді мықты ұстанған бабалардың түнеу мен тілеуді қалай ұстанғанын айырып біліп алуымыз керек. Бұл қабыр басына мүлде баруға болмайды деген түсінікті бермейді.
Рахат СЕРІКБАЙҰЛЫ,
аудан имамы
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.