Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Аймақ жаңалықтары

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

27.11.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бұл орталықта Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, Симфониялық оркестр, «Сыр самалы» вокалды-аспаптық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, «Тұран» триосы, «Айару» заманауи би ансамблі және «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы секілді өнер ұжымдары жұмыс істейді. Мұндағы әр ұжым аймақтың мәдениеті мен өнерін дамытуда елеулі үлес қосып келеді. Ал, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Анаға тағзым» орталығы да қонақтар үшін ерекше әсер қалдырды. Бұл орталық отбасылық құндылықтарды насихаттап, ана мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды мәдени жобалардың бірі болып есептеледі.
Одан соң журналистер аймақтағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын жылу электр орталығының құрылысымен танысып, «Жан-Арай» агро-индустриалды кешені мен жуырда ғана ашылған теннис орталығын аралады. Сонымен қатар, жақында ашылған жаңа автовокзал мен «Қорқыт ат» әуежайының жаңа терминалы журналистердің назарын аударды. Бұл нысандардың барлығы да өңірдің қазіргі заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Баспасөз туры Сырдария ауданы, Бесарық ауылына сапармен жалғасты. Мұнда журналистер «Абай-Дәулет» ЖШС-нің «Фри» зауытының жұмысымен және «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан бастамалармен танысты. Әсіресе, қолғап, сабын, пластикалық ыдыстар, ұлттық нақыштағы ою-өрнек өнімдері және шұлық өндірісі журналистердің қызығушылығын оятты. Бұл жобалар ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға зор ықпал етуде. Баспсөз турына қатысқан БАҚ өкілдері Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жан-жақты дамуына оң бағаларын берді.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026253 Views

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026275 Views

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

20.06.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.