Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Жаңалықтар

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

13.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Президентімен Баку төрінде кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісімге 30 жыл толғанын атап өтті.

– Қазір де бауырластық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Саяси деңгейде сындарлы диалог бар. Үкіметтеріміздің ықпалдастығы артып келеді. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық 6 миллиард долларға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Түркияның Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған негізгі инвесторлардың қатарында екеніне назар аударып, түрік бизнесмендерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жеке бақылауында болатынын мәлімдеді.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатта дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыру үшін мол әлеует бар екенін айтты.

– Қадірлі бауырым, келесі жылы Анкарада өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы барысында ауыл шаруашылығы, қорғаныс, энергетика, көлік-логистика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз Қазақстанмен арадағы сауда айналымын 15 миллиард долларға дейін арттыруға ұмтыламыз, – деді Түркия Президенті.

Бұл ретте Режеп Тайип Ердоған түрік компаниялары Қазақстан экономикасының әртүрлі секторында табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, түрік бизнесмендері Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін игеру, АЭС салу және мұнай-газ тасымалы бағытында тәжірибе бөлісіп, өзара тиімді серіктестік құруға дайын.

Бұдан бөлек мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында бір-біріне қолдау көрсету жөнінде уағдаласты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025121 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП, 40 ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

22.12.2025175 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 48,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

22.12.2025259 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 21 СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП, 40 ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 48,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫ ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

22.12.2025

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 95 ПАЙЫЗ

22.12.2025

СЫР ӨҢІРІ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

22.12.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНДЫ

22.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.