Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Өсімдік майына сұраныс жоғары
Жаңалықтар

Өсімдік майына сұраныс жоғары

12.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінде отандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі – шамамен 10 мың тонна, бұл бұған дейін жіберілген көлемнен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада отандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор, мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Кездесудің басты тақырыптардың бірі логистика мәселесі болды. Айжан Бижанова еліміздің Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды.
Айта кету керек, 2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша еліміз өсімдік майларын экспорттауда елеулі өсім көрсетті. Қаңтар-тамыз айлары аралығында Жапонияға 93 тонна май экспортталып, 122,4 мың доллар кіріс түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп. Экспорттың негізгі бөлігін зығыр және күнбағыс майлары құрап, елімізге әлемдік нарықта тұрақты орын алуға жол ашты. Жалпы, осы сектордағы еліміздің тауар айналымының жалпы көлемі 321,9 млн долларды құрап, оның ішінде 297,5 млн доллар экспортқа тиесілі болды. Жапон нарығында сафлор және мақта майларына сұраныс туып отыр.
Олардың жылдық қажеттілігі сәйкесінше 4 мың және 5 мың тоннаны құрайды. «Джатеко» компаниясы сафлор майының жеткізілім көлемін 1 мың тоннаға, мақта майын 2,5 мың тоннаға дейін арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді. Бұл отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі. Айжан Бижанова жапондық серіктестерге отан­дық өнімдерге деген қызығушылығы үшін алғыс білдіріп, Жапониямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026585 Views

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026318 Views

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026529 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.