Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»TikTok педагогтер байқауын жариялады
Жаңалықтар

TikTok педагогтер байқауын жариялады

05.11.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Байқау үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді, оған мектеп мұғалімдері де, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары да қатыса алады.
Аталған бастама ел педагогтеріне платформа аудиториясымен өз тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндік береді. Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары Ботагөз Омарова, Игорь Гноев, Хайдар Мырзахметов өз бейнероликтері арқылы миллиондаған лайк жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді.
«Байқау арқылы мен білім беру мазмұнын құрудың жаңа тәсілдерін табуды және өз білімімді бөлісуді үйрендім. Бұл маған дәстүрлі оқыту шеңберінен шығып, оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінікті және қызықты жеткізудің жолын табуға мүмкіндік берді. Оқушыларымның физиканы талқылап, өз ойларымен бөлісіп, тіпті эксперимент үшін жаңа идеялар ойлап тауып жатқанын көру мен үшін ерекше қуаныш болды», дейді 2023 жылғы байқаудың жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мырзахметов.
Байқауға TikTok-та танымдық контент жасайтын немесе оны бастағысы келетін мектеп мұғалімдері мен колледждер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. Қатысушылар 4 қараша — 3 желтоқсан аралығында платформада өз пәні бойынша қысқа танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің ұзақтығы кемінде 30 секунд болуы керек. Сондай-ақ #Қазақстанмұғалімдері хэштегінің көрсетілуі маңызды.Биыл ұлттық байқаудың үш жеңімпазы болады. Олар критерийлер жиынтығы негізінде, соның ішінде лайк, қаралым саны, бейнеролик сапасы және оқытылатын пәнге сәйкестігі негізінде бағаланады. Байқау жеңімпаздары iPhone 16 Pro смартфондарына ие болады, бұл оларға одан да жақсы бейнеконтент жасауға көмектеседі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылорданың жаңа газ электр станциясы тәулік бойы энергия өндіре бастады

14.04.2026891 Views

Білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы талаптар нақтыланды

14.04.2026251 Views

Қазақстан ішкі нарықты қорғау және бағаны тұрақтандыру үшін үлгілі шаруашылықтардың тәжірибесін кеңейтуде

14.04.2026238 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылорданың жаңа газ электр станциясы тәулік бойы энергия өндіре бастады

14.04.2026

Білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы талаптар нақтыланды

14.04.2026

Қазақстан ішкі нарықты қорғау және бағаны тұрақтандыру үшін үлгілі шаруашылықтардың тәжірибесін кеңейтуде

14.04.2026

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады

14.04.2026

Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді

14.04.2026

Экономиканы әртараптандыру: I тоқсан қорытындысы бойынша өсім 3%-ға жетті

14.04.2026

МӘМС 2.0 реформасының жиынтық экономикалық әсері 255,2 млрд теңгені құрайды

14.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.