Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Қазақфильм» киностудиясы жер мәселесіне қатысты ақпаратты жоққа шығарады
Жаңалықтар

«Қазақфильм» киностудиясы жер мәселесіне қатысты ақпаратты жоққа шығарады

04.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аталған учаскеде авариялық жағдайда тұрған ғимарат анықталды. Бұл киностудия мамандарының бірнеше рет жүргізген тексерулерінде расталды. Аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерін тарта отырып, кешенді сараптама жүргізуді бастады.
— Сарапшылардың қорытындысы бойынша осы ғимаратты қауіпсіз пайдалану үшін қажетті шешімдер қабылданады. Жер учаскесі мен кешенді сату туралы барлық ақпарат жалған. Бұл жалған ақпарат әрі қарай таралған жағдайда сотқа жүгінуге құқығымыз бар.
«Қазақфильм» киностудиясының аумағындағы өткізу режимінің қатаңдатылуы туралы хабарламалар да шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы өткізу жүйесі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және киностудия мүлкін қорғауға арналған. Мұндай шаралар әлемдегі барлық киностудияларда қалыпты тәжірибе болып саналады және ұрлық, өртеу және басқа да оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Жақында енгізілген қауіпсіздік шаралары студия аумағында болған өрт пен қызметкерлерге жасалған шабуыл сияқты оқиғаларға жауап ретінде жасалып, студияда жұмыс істейтіндердің барлығын қорғауға бағытталған, — делінген ведомствоның ресми дерегінде.
Сонымен қатар, Қазақфильм басшылығы киножобаларды қаржыландыру туралы ақпаратты түсіндіруді жөн көрген. 2023 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18 жобаны өндіріске жіберіп, олардың 10-ын 70%-дан астам қаржыландырды. Оның ішінде екі жоба 100% қаржыландырылды.
— Ал, қалған сегіз жоба 50%-дан төмен қаржыландыру алды, алайда олардың бірқатарына аралық төлемдер жасалды. Кейбір жобаларды қаржыландырудың кешігуі Қазынашылық комитеттің кеш қаржы бөлуімен байланысты. Сонымен қатар, кешіктірілу есептердің уақытылы тапсырылмауымен де байланысты, бұл келесі транштарды алу үшін қажетті шарт, — деп мәлімдеді ұжым басшылығы.
«Қазақфильм» киностудиясы жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Ұжым ақпарат беруде дәлдікті сақтауға шақырады және беделін қорғау, жалған мәлімет таратқандарды жауапқа тарту үшін тиісті органдарға жүгінуге құқылы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202582 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202593 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025566 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.