Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Номад» UFC-дің чемпиондық тәжіне таласады
Жаңалықтар

«Номад» UFC-дің чемпиондық тәжіне таласады

28.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгінгі таңда UFC-дегі орта салмақтың алтын белбеуін Белал Мұхаммад иеленіп отыр. Биыл жазда ол Англияның Манчестер қаласында ұйымдастырылған жарыста жергілікті файтер Леон Эдварсты жеңген соң осы мәртебесі аса жоғары атаққа қол жеткізді. Енді арада бес айға жуық уақыт өткен соң Шавқат Рахмоновтың чемпионды тұғырдан тайдыруы әбден мүмкін. Қазіргі кезде көпшіліктің пікірі осыған саяды.

Аралас жекпе-жекті 2012 жылдан бері серік етіп келе жатқан 36 жастағы АҚШ-тың Чикаго қаласында туып-өскен палестиналық спортшы өз карьерасында 28 мәрте октагонға шығып, 24 рет жеңіске жетті. Үш кездесуде ұтылып, тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынбады. Сол сайыстардың тек алтауын ғана Мұхаммад айқын басымдықпен аяқтады. Тарқатып айтсақ, бес қарсыласын нокаутқа жіберсе, тағы біреуін «қылқындыру» әдісімен ұтты. Қалған 18 жекпе-жектің ше­шімін төрешілер шығарды. Яғни Белалды «панчер» деп айту қиын. Сонымен қоса ол өзі де бір рет нокаутқа түсті. 2016 жылдың күзінде Нью-Йоркте ұйымдастырылған турнирде бразилиялық Висенте Лукенің оны бірінші раундта ұрып жыққаны есімізде. Ал Алан Джубан мен Нил Джеффтен Палестинаның өкілі ұпай санымен ұтылды. Дәл сол Джеффті біздің Рахмонов былтыр көктемде «қылғындырып» тастаған болатын.

Десек те алдағы жарыста Шавқатқа жеңіс оңайлықпен келеді деп айту қиын. UFC-де сегіз жыл жұды­рықтасып, 18 жекпе-жек өт­кізген Белал Мұхаммад әбден ысылған сақа спортшы. Сол аралықта ол Лайман Гуд, Диего Лима, Демиан Майя, Стив Томпсон, Висенте Луке, Шон Брэди, Гилберт Бернс сынды мар­қасқаларды жеңді. Мұхаммад қарсы келгенін қоғадай жапыр­маса да, оның батылдығы мен шыдамдылығы, төзімдігі мен табандылығына таңданбау мүмкін емес. Әр бәсекеде сауатты тактика ұстана біледі, көбіне-көп тәуекелге бармайды. Функционалдық даярлығы өте жақсы. Ол әрбір кездесуде қарсыластарын діңкелетіп барып ұтады. Соған да баса назар аударған жөн.

Ал Шавқаттың жөні бөлек. Таяу күндері 30 жасқа толғалы отырған қазақтың қайсар ұлы 18 жекпе-жектің барлығында айқын басымдық танытты. Сегіз қарсыласын «қылғындыру», «ауырту» тәсілдерімен ұтты. 10 бәсекелесін ауыр соққылардың астына алып, оларға «Қиыр Шы­ғыстың қайда екенін» көр­сетті. «Номад» тоғыз бәсекені бірінші, жеті кездесуді екінші раундтарда аяқтады. Тек тәжік Фаруддин Одилов (2018 жыл) пен америкалық Джефф Нил (2023 жыл) ғана үшінші раундқа дейін шыдады. Бірақ Рахмонов бірде-бір жекпе-жекті соңына дейін соз­ған емес. Міне, осы жайттар Шав­қаттың беделін шарықтатып тұр.

Сонымен, 7 желтоқсанда күл­лі әлем жанкүйерлерінің назары Лас-Вегасқа ауады. Әсіресе халқымызға бұл ерекше күн. Бұған дейін қазақтың өр мінезді өрендері талай белді промоушендердің алтын белбеулерін иеленгенін жұрт жақсы біледі. Ал аралас жекпе-жек әлеміндегі ең биік шың – UFC екені даусыз. Әзірге бұл белес бізге бағынған жоқ. Егер Шавқат Рахмонов алыстағы Америкада атой салып, чемпиондық тәжді иеленсе, онда Алаш жұртының талай жылғы арманы орындалып, қазақтың жігіттері өздерінің мықтылығын түбегейлі мойындатады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025839 Views

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025271 Views

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025109 Views
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025

Ұлыбритания АҚШ-тың Иранға бағытталған соққыларын қолдап отыр

23.06.2025

Иран АҚШ-ты халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптады

23.06.2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.