Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»БҚО тұрғыны есірткіні пәтерінде өсірумен айналысқан
Жаңалықтар

БҚО тұрғыны есірткіні пәтерінде өсірумен айналысқан

04.09.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Polisia.kz мәліметінше, БҚО полицейлері қарапайым ағаш шкафтан зертхана жасап, қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады.

Өңірде жүріп жатқан «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Приурал полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері Дариян ауылында қарасора өсіруге арналған фито зертхананы тапты. Мұндай іске барған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, құрықталды. Ол өзінің тұрғылықты жерінде екі бөлмелі пәтерде осы іспен айналысқан, – делінген ақпаратта.

Тінту барысында тәртіп сақшылары арнайы өсірілген 3 түп қарасораны тәркіледі. Лаборатория қарасора өсіруге арналған жарық және диод шамдарымен, термометрмен, желдеткіштермен және ылғалдылықты өлшеу құралымен жабдықталған. Сондай-ақ жоғарыда аталған үйдің ауласындағы гараждан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жауап алу барысында ол өз үйінің жатын бөлмесінде қарапайым ағаш шкафтан фитолаборатория жасағанын айтты.

Сонымен қатар полицейлер есірткіні заңсыз сақтаудың үш фактісін анықтады. Мәселен, Бәйтерек ауданы тұрғынының пәтерінен ақ ұнтақ зат табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Теректі ауданында санкцияланған тінту жүргізу барысында екі тұрғынның мекен-жайынан ерекше иісі бар есірткі заты табылып, тәркіленді. Мәселен, 55 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласынан арнайы иісі бар 3 газет орамасы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 27,62 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Тағы бір тұрғынның шаруашылыққа арналған құрылысынан жалпы салмағы 48,25 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысында «Орал-есірткісіз қала!» бағдарламасы аясында кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025273 Views

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025418 Views

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025327 Views
Соңғы жаңалықтар

ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚЫЗЫЛОРДА!

09.08.2025

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.